Қоғамдық кеңесте халықтың сөзі естіледі

(0 Votes)

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмақай Ғұмаров жыл ішінде тындырылған жұмыстарды баяндап: - Тұрғындардың мүдделерін білдіру және жергілікті деңгейлерде алынған шешімдер мен қаулыларды талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, жергілікті атқарушы және өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде аудандық қоғамдық кеңес өз жұмысын жоспарлы және жүйелі жүргізіп, бірқатар игілікті шараларды жүзеге асыруда.

Халықтың ұсыныс-пікірлерін жинап, сіздерге береміз. 2019 жылдың наурыз айында Заңға сәйкес кеңес мүшелерінің сайланғанына үш жыл толуына орай оның құрамы қайтадан қалыптастырылып, ішінара ротациялау жүргізілді. Сөйтіп, оның құрамы 17 адам болып белгіленді.

Кеңестің жоспарына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №372-VІ «2019-2021 жылдарға арналған аудан бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулыар енгізу жайы жөніндегі аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Хасанованың хабарламасы тыңдалып, талқыланды. Мұнда күрделі жөндеуі аяқталмаған мектептерге қаржы қалай бөлінетіндігі, ауылішілік жол салу, оның салыну сапасын қадағалау, қаржының игерілуіне бақылауды жүргізу туралы бірқатар ұсыныстар айтылып, нақты шешімдер қабылданды.

img_8474

Кезекті кеңес отырысында Құрманғазы, Кудряшов, Нұржау ауылдық округтерінің 2018, 2019 жылдары атқарған істерін зерделеу үшін құрылған арнаулы комиссия талдау жұмыстарын жүргізді. Мұнда округтер бойынша орын алған олқылықтар аталып, 15 тармақпен қаулы қабылданды. Сонымен қатар, Байда, Шортанбай ауылдық округтеріндегі мемлекеттік қызметтер көрсетудің жайы туралы қаралған мәселеде кейбір кемшіліктер кеткендігі ескертіліп, дер кезінде түзету шарасы қолға алынды.

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарының орындалуы жөнінде аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміров, «Аудан бойынша қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы» жергілікті полиция бөлімінің бастығы Т.Исаевтың хабарламалары тыңдалып, 18 тармақпен қаулы қабылданды.

img_8487

Еңбекші, Мақаш, Дыңғызыл, Ақкөл, Көптоғай ауылдық округтеріндегі мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығы мен жариялылығы жақсы жолға қойылған. Бұған талдау-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында көз жеткіздік, - дей келе, кеңес мүшелері алға қарай да өз қызметтерін жоғары деңгейде атқаратындарына сенім білдірді.

Қоғамдық кеңес мүшесі Қадірбай Жармұхамбетов: - Аудан әкімінің жасаған хабарламасынан барлық салада ілгерушілік барына көз жеткізіп отырмыз. Өңірімізде кәсіпкерлік нысандары көбеюде. Оны иесі өзі үшін салғанымен игілігін халық та көреді. Былтыр жылы ішінде тек 30 кәсіпкер жаңадан жұмысын бастаған екен. Бұл біздің үлкен аудан үшін аз деп ойлаймын. Білім ошақтарындағы күрделі жөндеу жұмыстарын қарадық. Бүгінде Манаев, Алтынсарин мектептері ретке келтірілді, - дей келе, кадр резервін қалыптастыру, бейіттерді қоршау мәселелерін алға тартты.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521