«Назарбаев оқулары»

(0 Votes)

Аудандық жастар ресурстық орталығы Елбасының көшбасшылық қасиеті мен сындарлы саясатын дәріптеу мақсатында жыл сайын Назарбаев оқуларын өткізуді игі дәстүрге айналдырған.

Мақсаты – Тұңғыш Президенттің жарқын өмірі мен қызметі үлгісінде өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Гагарин атындағы жалпы орта мектепте ұйымдастырылған байқауға ауданымыздың білім ошақтарынан 19 үміткер өзара бақ сынады. Аудандық жастар ресурстық орталығының бас маманы Қайыржан Бауыржанұлы оның шарты және қазылар алқасының құрамымен таныстырды.

img_8082

img_8084

Алғашқы кезеңде қатысушылар Елбасы Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі» атты кітаптарынан үзінді оқып, ақын-жазушылардың Тұңғыш Президентке арнаған өлеңдерін жатқа айтты. Оның әр туындысы тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Елбасының құнды еңбектерінде туған еліне деген адалдығы мен қажырлы еңбегі, отансүйгіштігі көрініп тұрады. Міне, мұны үміткерлер айқын жеткізе білді.

img_8104

img_8103

img_8097

Келесі бөлімде оқушылардың жазған «Менің елімнің көшбасшысы» атты эсселері тексеріліп, Елбасының өмірі мен шығармашылығынан тест сұрақтары ұсынылды. Қазылар алқасының мүшесі Абай атындағы жалпы орта мектептің тәжірибелі мұғалімі Маржан Мирасова байқау қорытындысынан хабардар етті.

img_8102

img_8101

Бас жүлдені Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектептің оқушысы Назерке Қанатқалиева қанжығасына байласа, І орын Алтынсарин жалпы орта мектебінен Зира Хайроллаға бұйырды. ІІ орынға Шортанбай орта мектебінен Лариса Бақтыгереева лайық деп танылса, ІІІ орынды Гагарин, Энгельс, Манаев жалпы орта мектептерінің оқушылары Ерасыл Жасбағимбетов, Гүлмира Байғанина, Назерке Қапсихова өзара бөлісті. Белсенді қатысушыларға алғыс хаттар және жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

img_8100

img_8099

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521