Өміріңді сақтандырсаң, қаржыға кенелесің

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Номад LIFE» өмірді сақтандыру компаниясының бір топ өкілдері өздерінің мүмкіндіктері мен қордың жинақтаушы бағдарламалары жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміров облыстан келген қонақтармен таныстырып, алғашқы сөзді компанияның Атырау облысы бойынша филиал директоры А.Сатыбалдиевке ұсынды. - Адам өзін, жаңа көлігін, сатып алған үйін оқыс оқиғалардан сақтандырып қоя алады. Ақшаңыз болса, тіпті зейнетке де ертерек шыға аласыз. Апат айтып келмейді. Келеңсіз оқиғаға тап боларын ешкім алдын ала білмейді. Сондықтан, он екі мүшеңіздің сау кезінде, алдын-ала қам жасауға әбден болады. Қалтаңызда қаражатыңыз болса, өміріңізді, мүлкіңізді де сақтандыра аласыз.Ол үшін елімізде бүгінгі таңда 47 компания осы бағытта жұмыс жасауда. Соның ішінде 7-еуі адам өмірін сақтандырумен айналысады. «Өмірді сақтандырумен» және «Жалпы сақтандырумен» шұғылданатындардың әрекеттері бір-біріне ұқсамайды.

Мақсаттары бір болғанымен, салымшыларға көрсетілетін қызметтері әртүрлі. «НОМАД LIFE» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ 2008 жылдың 6 наурызында құрылған. Ол 2012 жылдан бастап өмірді сақтандыру нарығында активтер, жеке капитал, төлемдер, сақтандыру резервтерін жинау бойынша, соның ішінде қызметкерлерді жазатайым оқиғадан міндетті және аннуитеттік сақтандыру сыныптары бойынша көшбасшы орынға ие. Біздің компанияға тіркелген сақтандырылушы кенеттен қайтыс болса, жинағы 15 жылға жетпесе де келісілген соманы оның жақын адамдары алады. Сонымен қатар, балаңыздың үйлену тойына да қаржы салуға мүмкіндігіңіз бар. Мәселен, 15-20 жылға 1,5 млн теңгеден 4,5 млн теңгеге дейін жинай аласыз. Егер инфляция болса, оның деңгейіне байланысты жинақталған қаржы да өседі. Ал жазатайым оқиға нәтижесінде адамға I топтағы мүгедектік тағайындалып, еңбекке жарамдылықтан айырылса, сақтандыру сомасының 100 пайызы беріледі. Ал, II топтағы мүгедектікке шықса, сақтандыру сомасының 80 пайызы төленеді.

Мүгедектік үшін төлемнен басқа, полисті сатып алу сомасы да салымшыға қайтарылады, - деп, қордың жинақтаушы бағдарламаларына жеке-жеке тоқталды. Компанияның атқарушы директоры Райса Төремұратова оқыс оқиғаға тап болған салымшының әртүрлі дене жарақатына байланысты төленетін төлемдері жөнінде қаперге берді. Жиналысқа қатысушылар қаржылық сауаттылық негізінде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

А.ШАКУПОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521