Магистральға қосылу су тапшылығын азайтады

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткен Құрманғазы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Мерей Әжігереевтің жыл ішінде атқарған жұмыстары мен алдағы тұрған міндеттері туралы есебін тыңдауға тұрғындар көптеп жиналды.

Есепті баяндама Президент Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауынан туындайтын бес тараудан тұратын қоғамдық-саяси мәселелерді қамтыған кең ауқымды міндеттерді таныстырып өтуден басталып, оны жергілікті жерде жүзеге асырудың бағыттары назарға берілді.

– Округтегі отбасылар саны – 3181. Оның ішінде күнкөріс деңгейі кедейлік шегінен төмен, әлеуметтік көмекке мұқтаждар саны 226 жанұяны құрайды. Оларға 21422,0 мың теңгенің мемлекеттік әлеуметтік көмегі берілді. Мүгедектік санатына жатқызылған 750 адамға 15 млн теңгенің біржолғы көмегі көрсетілді. Округтегі сегіз әлеуметтік қызметкер 15 мүмкіндігі шектеулі бала мен 18 жалғызбасты егде жастағы адамдарды қамтиды. Қамқорлық акциялары аясында 45 отбасыға, 197 балаға 656,0 мың теңгенің қайырымдылық қаржысы табысталды. Округтегі жалпы тұрғындардың 1,9 пайызы шегіндегі жұмыссыздар есебінен 241 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. 28 адам қысқа мерзімдік курстарда оқып, кәсіптік мамандық игеріп шықты. Үкіметтің «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде «Бастау-бизнес» жобасы бойынша 130 адам курстан өтті. «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы 26 адам несиеге қол жеткізіп, шағын және орта бизнестерін дамытуға мүмкіндік алды.

img_9490

Құрманғазы ауылы орталығының және алты мөлтекауданның орталық көшелеріне мердігер мекеме - «Бекет Сәт Жол» жаупкершілігі шектеулі серіктестігімен 1223926 мың теңгенің қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ауылды Астрахан-Маңғышлақ су магистралына қосу жұмыстары «Гранд-Мастер» ЖШС мекемесімен өткен жылы басталып, биылғы 2020 жылы толығымен аяқталуы жоспарлануда, - деген ол әр сала бойынша атқарылған істерді слайд суреттер көрсету арқылы ақпар берді.

Сондай-ақ, өткен жылғы есеп беру жиынында ұсыныс түсірген зейнеткер М.Есімғалиевтің М.Қабдолқызы көшесіне жазғы су құбырын жүргізу бойынша қажетті қаржығы бюджеттік сұраныс беріліп, республикалық «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша істелінетін хабарлады.

Ауыл тұрғындары Р.Ниетқалиевтің жаяу жүргіншілер көп өтетін жерлерге жол белгілерін қою, Ғ.Мүрсәлиевтің облыстық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізу сауалдарының да орындалғанын қаперге берді.

А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521