banerkzbig

Ұлы ақынға арналған конференция

(0 Votes)

Аудандық орталық кітапханада ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы, заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы » роман-эпопеясынан оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

Шара барысында оқырман назарына ұсынылған «Бала Абайдан дана Абайға дейін» тақырыптағы ұлы ақын өмірінің тарихи тізбесіне арналған бейнесюжет Абай әлеміне шарлатып, ұлылықтың сырына қанықтырып, даралықтың қандай болатынын ұғындырды. 

biiblioteka1

Абай атындағы жалпы орта мектептің оқушысы А.Қабекешова Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін оқыса, кітапхана қызметкері Гүлайна Жалғасбайқызы «Абай биігі - ұлт биігі» тақырыбындағы көрмеге библиографиялық шолу жасады. «Ұлы тұлғаның азаматтық, ақындық бейнесі», «Абай жолы» эпопеясындағы философ Абай бейнесі» тақырыптарын талдаған С.Өтебалиева,А.Түсібалиева Абайдың ақын, қайраткер ретінде өсу жолдарын жан-жақты талдаса, «Құнанбай образы» тақырыбын тарқатқан М.Рашова Құнанбай бейнесін сан қырынан аша білді. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйелдер галереясы» тақырыбы бойынша С.Қайырова бала Абайдың зерек болып өсуіне үлес қосқан әжесі Зере, анасы Ұлжанның образдарын саралап, ұлы ақынның өмірлік және сүйген жарлары Ділдә,Әйгерім, Тоғжан бейнелеріне тоқталды. «Шығармадағы сол дәуірдің әлеуметтік қайшылықтары»деген тақырып бойынша М.Мұхамбетова өз пікірін ортаға салды.

bibilioteka2

Шарада кітапхананың белсенді оқырмандары Қ.Садықов, Т.Шәрипов, А.Ибраева сөз сөйлеп, жастарды кітап оқуға шақырды.

bibileoteka4

Конференцияны қорытындылаған орталықтандырылған кітапхананың директоры Бақыт Аманғалиқызы оған атсалысқан оқырмандарға зор ризашылығын білдірді.

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig