banerkzbig

Өкілді органның ширек ғасырлық белесі

(0 Votes)

Мерекелік шара С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткен «Мәслихат мерейі - Тәуелсіздіктің жемісі » атты салтанатты жиынмен жалғасты.

Шара жүргізушісі Рүстем Тоқаев Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолында қоғамды одан әрі демократия¬ландыруға, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан жергілікті мемлекеттік басқарудың бір тармағы - өкілетті органның қоғамдағы өзгерістердің бел ортасында болып келе жатқанына ширек ғасыр толып отырғанын, осы уақытта халық қалаулыларымен көптеген игі істердің атқарылғандығын атап өтті. Мерекелік баяндама жасау үшін алғы сөз аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісовке берілді.

img_7744

- Мемлекетіміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда бұрынғы кеңестердің орнына – мәслихат құрылымдары енгізілді. 1994 жылдың 7 наурызында тұңғыш мәслихаттарға депутаттар сайлауы өтіп, ауданымыз бойынша 18 депутат сайланды. 1994 жылдың 23 наурызында алғашқы сессия өтіп, аудан бойынша өкілді орган – мәслихат депутаттар жиналысы өз жұмысын бастады. Бірінші шақырылым кезінде нарықтық қатынастарға орай шаруашылықтарда жекешелендіру шаралары жүргізілді. Сауда, білім, денсаулық саласында да елеулі өзгерістер орын алды. Өздеріңізге белгілі, басында атқарушы органдар, депутаттар жұмысына сенімсіздікпен қараған кездер болды. Осындай қарама-қайшылықтар сәтінде алға қойған мақсат-мүддемізге сай нәтижелі істер мен бастамаларды ойдағыдай жүзеге асыру өкілді органдарға оңайға түскен жоқ, - деген баяндамашы жаңа құрылымның кезіктірген қиындықтары мен оны жеңу жолындағы еселі еңбегіне, депутаттардың белсенді іс-қимылдарына тоқталып өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров құттықтау сөзін арнап, «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалін кезінде депутат болған еңбек ардагерлері Е.Досмұханбетовке, Қ.Мұханбетқалиевке, З.Дүйсекеноваға, Ө.Серікбаевқа, С.Куловқа, Ш.Мұфтаховқа, Ғ.Оралбекке, белгілі дәрігер Р.Габдушеваға, аудандық мәслихаттың ардагері Р.Серікбаеваға табыстады.

img_7776

Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Ө.Зинуллиннің құттықтауын жеткізген олыстық мәслихат депутаты Сабыржан Сұлтанов ҚР Парламент Сенатының Құрмет грамотасымен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ғ.Каринаны, «Алғыс хатымен» депутаттар Б.Кенжебаевты, Л.Умирзахованы, Н.Хұсайыновты марапаттады.

img_7794

Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Құрметті ардагер» төсбелгісін еңбек ардагерлері Ұ.Жадығұловтың, О.Мұратовтың, Ж.Ғұмаровтың, Н.Сабировтың өңіріне қадады. Сондай-ақ, бір топ депутаттық қызмет атқарғандарды, өмірден озғандардың жұбайлары мен ұрпақтарын, ауданның әлеуметтік-экономикалық саласына үлесін қосып жүрген кәсіпорын, бөлім басшыларын ұлығылады.

img_7802

Келесі кезектерде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Құмарғалиұлы мен ардагер депутат М.Қуаншалиев, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлімдер атынан Орлы ауылдық округінің әкімі А.Мұфтах, аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Р.Сәуменов, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы З.Жоламанова құттықтау тілектерін білдірді.

img_7812

img_7822

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Н.Исаев, Г.Кенжешова, Е.Айсин, Г.Жұмалиева, Г. Ниғыметова және жас домбырашы Ш.Ғалымғали, бүлдіршіндердің «Наз» би тобы шарада өз өнерлерін көрсетті.

img_7825

img_7833

А.НӘЖІМОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig