Кәріз желісі әбігерге салуы мүмкін

(0 Votes)

Қоғамдық кеңес мүшесі Салауат Мырзағалиев аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы, қоғамдық кеңес төрағасының есеп беру хабарламаларын оң бағалап, аудан орталығын кәріз желісіне қосудың мүмкіндігін сұрады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев Қайрат Талапұлының атқарған игі жұмыстарын тілге тиек етіп: - Кезінде «Гурьев-Астрахань» теміржол табанын салуға ауданымыздан 500-дей адам атсалысқан. Ал бүгінде біздің қолымызда тек 50-ге жуық еңбеккердің тізімі бар. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай аймақта оларға арнап монумент қою ойластырылуда. Біз де мұндай игі шараны ескеруіміз қажет. Мерейлі датаға орай аудан орталығынан «Даңқ» саябағын ашсақ нұр үстіне нұр болар еді, - дей келе, газ тарту мәселесіне қатысты кейбір ұсыныстарымен бөлісті. Шаруа қожалық иесі Серік Алғаязов өңірдің ауыл шаруашылығы саласына қазіргі таңда мамандар жетіспейтініне тоқталып, әсіресе қыр бойындағы малшыларға қиындық келтіріп отырған қасқыр атудың түйткілін қозғады.

img_8493

–Кәсіпкерлікті өркендету – Мемлекет басшысының тікелей назарында. Бұл бағыттағы көптеген жеңілдіктерді халыққа түсіндіруді жалғастырып, шағын және орта бизнестің дамуына барлық жағдайды жасаймыз. Мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары жөнінде де мәселе қозғалды. Бәріңізге белгілі, Орлы ауылындағы Манаев атындағы жалпы орта мектептің былтырғы жылы шатыры ұшып кеткен болатын. Жеке кәсіпкер Салауат Мырзағалиевке бұл жұмысты тапсырғанымызда қарсылық білдірмей, өз қаражаты есебінен оны қалыпқа келтіруге көмектесті.

Кәріз желісін тарту бойынша жоба жасақталуда. Оны құрастырып шығаруға ешнәрсе қиындық келтірмейді. Тек желіні орнатуда орталыққа салынған инфрақұрылымдар кедергі болады. Кәріз құбырларын жүргізу үшін жерді 7-8 см тереңдікте қазу қажет. Сонда жаңадан салынған ауылішілік жолдардың бәрін қайта бұзуға тура келеді. Көшелеріміз де өте тар, күні бүгін кәріз желісі түгіл су құбырларын тарта алмай отырғандар да бар, - дей келе, аудан әкімі Қайрат Нұртаев көтерілген басқа да сұрақтарға орай өзінің нақты жауабын қайтарды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521