banerkzbig

Әйелдер барлық салада белсенді

(0 Votes)

Облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы селекторлық режимде өтті.

Оны комиссия төрайымы, облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева ашып жүргізіп, күн тәртібімен таныстырды. Алдымен Атырау облысы Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2017-2019 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының Атырау қаласында орындалу барысы туралы баяндалды. Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаевөңірде мемлекеттік қызметті, бизнесті жан-жақты меңгеріп, түрлі салада тең дәрежеде абыройлы еңбек етіп жатқан нәзік жандылардың қоғамдағы рөлін тілге тиек етіп,әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, көпбалалы аналарды қолдау, ерте жүктіліктің алдын алу бағытындағы жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі мағлұмат берді. Сондай-ақ, отбасы институтын нығайтуға, гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды, отбасы-демографиялық мәліметті назарға ұсынды. Сонымен қатар өзінің кейбір ұсыныстарын ортаға салған хабарламашыға комиссия төрайымы А.Әжіғалиева өзінің нақты жауабын берді.

Келесі кезекте «Іскер ана» пилоттық жобасының қорытынды жұмыстары туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев баяндады. Көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналарды жаңа кәсіпке баулитын жоба 2019 жылдың ақпан айынан бастап аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлының қолдауымен жүзеге асырылған.Бейінді курстардың 319 үздік түлегі заттай грант алған.Оқыту курстары он мамандық бойынша өткен: аспаз, тігінші, есепші, іс жүргізуші, массаж жасаушы, сұлулық салонының мамандары – визажист, маникюр шебері, шаштараз. Әйелдердің, сонымен қатар, ағылшын тілі (негізгі деңгей), компьютерлік сауаттылық, интернет-сауда бойынша да тегін білім алуларына мүмкіндік қарастырылған.Атырау облысының 900-ден астам тұрғыны аталмыш жобаға қатысқан, оның ішінде алыстағы ауылдарда тұратын әйелдер, «Жусан» арнайы операциясы аясында елге депортацияланған 7 көпбалалы жалғызбасты ана бар. Қазіргі таңда көптеген қыз-келіншектер жаңа кәсіп меңгеріп, өз бизнестерін ашқан. Комиссия мүшелері хабарламашыға бұл жобаның «Бастау-бизнестен» қандай айырмашылығы бар екенін, оқудың мерзімі жөнінде сұрады. Мәжілісті қорытындалаған А.Теміртасқызы комиссияның жыл бойы атқарған игі жұмыстарын саралап, «бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін» нәзік жандыларды әрдайым белсенді болып, әлеуметтік-экономикалық саланың өркендеуіне үлестерін қосуға шақырды.

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig