Ерікті жастардан 30 000 теңге жиналды

(0 Votes)

24 маусым күні Түркістан облысы, Арыс қаласында болған қайғылы оқиға ел халқын қатты толғандырды.

Қаладағы әскери қоймада жарылыс болып, оның зардабы осындағы жұртшылыққа тиді. Арыстық ағайындар қаланы тастап, жан-жаққа бас сауғалап қашты. Бүгінде мемлекет тарапынан қала тұрғындарына көмек берілуде. Бір қуантарлығы, зардап шеккендерге елдің кәсіпкерлері де, меценеттар қомақты қаржы бөліп, мекеме қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударуда.

Аудан тұрғындары бұл суыт хабарды ауыр қабылдады. Бұл – ортақ қайғы. Халықтың бірлігі осындай қиыншылықта сыналады. Ауыртпашылық түскен тұста, аудан жастары да бұл мәселеден қалыс қалған жоқ. Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Наурызбай Бисенғалиевтің айтуынша, еріктілер атынан 30 000 теңге аударып үлгерген. - «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, «Жас Отан» ЖҚ-мен бірлесе отырып ауданымызда гуманитарлық көмек көрсету пунктін ашып, жұмыс жасаудамыз. Оған гигиеналық заттар, консервілер, дәнді дақылдар мен макарон өнімдері, жеміс-жидектер, су, жаздық киім кешектер, балаларға арналған киімдер, көрпе және көрпешелер қабылданып жатқанын тұрғындардың қаперіне береміз. Көмек қабылдау пункті «Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының ғимаратында орналасқан.

Біз аудан жастары өз отандастарымызға қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созуды өзіміздің азаматтық борышымыз деп санап, жерлестерімізді қолдау білдіруге шақырамыз, -дейді белсенді жас Н.Бисенғалиев.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521