Ерекше ықыласпен қабылдады

(0 Votes)
С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, атқарушы билік және қоғамдық кеңес өкілдері, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері үлкен экраннан тыңдады. Елбасының жаңа Жолдауын ерекше ықыласпен қабылдап, онда айтылғандарға қолдау білдіріп, қол соғып отырды. Мәселен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін арттыру, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 процентке көтеру, осы мақсатқа келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлу, «7-20-25» бағдарламасын жергілікті бюджет есебінен алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау, тұрғын үй сертификаттарын беру, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарын жалдамалы үймен қамту сияқты әлеуметтік мәселеге жиналғандар қызығушылығын білдірді. Сонымен қатар, бұрыннан айтылып жүрген сот жүйесін одан әрі жаңғырту, құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту, сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес мәселесі де тыңдармандар тарапынан қолдау тапты. Алдағы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялау, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске қосу, бойскаут қозғалысын ұйымдастыру, «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құруды жастар мен мектеп оқушылары ұзақ қол шапалақтаумен қабылдады. А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521