«Ер – елінің қорғаны»

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 27 жыл толуына арналған салтанатты шара осылай аталды. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы Ернар Мұхамбетәлиев мерекелік баяндама жасап, Тәуелсіз еліміз бойынша қорғаныс саласының өркендеу жолына тоқталды.

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев құттықтау сөзін арнап, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының және өзінің алғыс хатымен бір топ әскери адамдарды марапаттады. Сонымен қатар, Ауған соғысында, Чернобыль атом электр станциясының апаты зардабынан, Ауған-Тәжік шекарасындағы жауынгерлік қимылдардан қаза тапқан сарбаздардың ұрпақтарына және туыстарына естелік хат табысталды. Ауған соғысы ардагерлері облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабиден Қайыржанов жылы лебізін білдіріп, Қазақстан ардагерлер қауымдастығы кеңесінің шешімімен қайырымдылығы үшін «Сауап» медалін аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелов пен жеке кәсіпкер Салауат Мырзағалиевтің өңірлеріне қадады.

Одан әрі салтанатты жиын аудан әкімінің арнайы шақыртуымен күй өңіріне келген Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық ұлт-аспаптар оркестрінің концертік бағдарламасына ұласты. Оркестр құрамы бас дирижер, жерлесіміз Болат Долдашевтің дирижерлік етуімен бірнеше күйлер орындап, зал толы көрерменнің ыстық қошеметіне өнер майталмандары ерекше шабыттанды. Күміс көмей әншілер әуезді әндерін шырқап, шараның көрігін қыздырды. Соңында аудан әкімі Қ.Нұртаев шақыртуды қабыл алған оркестр құрамына тұрғындар атынан зор ризашылығын білдіріп, құттықтау хаты мен естелік сыйлығын тапсырды.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521