Электронды саудамен айналысатындарға

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК электронды тауарларды саудалауды салықтық басқаруға қатысты нормаларын нақтылау мақсатында төмендегілер туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 1 бабы 65 тармақшасында тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы белгіленген. Электрондық сауда – жеке тұлғалардың тауарларды интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен өткізуі жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет. Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты орналасқан жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіп пен мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті. Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

Салық төлеуші тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырса, осы Кодекстiң 302 бабына сәйкес, есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады. Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. Бұл шарт сақталмаған кезде, салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес. Аталған кодекстің 88 бабы 1 тармағының 10 тармақшасы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Сонымен қатар, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі. Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. Хабарламаны тұрғылықты жері немесе тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде және «E-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы арқылы электронды түрде жіберуге болады.

Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521