banerkzbig

Ел екпеден неге үркеді?

(0 Votes)

Инфекциялық ауруларға қарсы вакцинациялау - балалар мен ересектерді полиомиелит , дифтерия, қызылша, сіреспе, көкжөтел, В вирустық гепатиті және тағы да басқа ауыр инфекциялардан қорғаудың сенімді әрі тиімді тәсілі.

Вакцинация мәселесіне келгенде халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу аса қажеттілікті талап етіп тұр. Сондықтан бұл жұмыс жүйелі түрде өткені абзал. Соңғы кездері жас ата - аналар білікті дәрігерлердің емес, әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпараттарға сенетіні бізді алаңдатуда. Осындай ақпараттардың әсерінен жастардың да екпеден бас тартып жатқанын көреміз. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстарына шақырғанда бет бұрмайтын ата- аналар да бар. Осылай бола тұра елімізде вакцинациямен қамтамасыз ету ең жоғарғы деңгейде.

Екпе жөнінде жазылған мақалаларға көз жүгіртіп, сараптап қарасақ оның зиянынан пайдасы көп екендігіне анық көз жеткізесіз. Әрі ғалымдар оны адамзаттың үздік жетістіктерінің бірі деп санайды. Соның нәтижесінде көп бала өлім қаупінен аман қалуда. Барлығына түсіністік танытып, себеп - салдарына үңілу әр ата – ананың тарапынан. Түсіндірме жұмысынан кейін оң шешімге келіп динамикалық процесстен үркудің қажет еместігіне сенгендер дебар.Барлық вакциналар алдын ала көп сатылы, мұқият бақылаудан өткізіледі және олардың зиянсыздығына кепілдік берілгенде ғана пайдалануға жол беріледі. Өздеріңізді және өз балаларыңызды инфекциялық аурулардан қорғаңыздар!

Г. Баженова,

Көптоғай ауылдық округінің бас маманы

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig