banerkzbig

Егемен елдің берік қалқаны

(0 Votes)

Елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылғы 7 мамырда № 745 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанын жариялады.

Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан әскери бөлімдер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Онан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын Қорғаныс министрі болды. Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі болып Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды. Осы Жарлық негізінде Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтап, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешті. Әскери анттың мәтіні жасалып, Президенттің 1992 жылғы 25 тамыздағы Жарлығымен іске асырылды. 1992 жылдың күзгі әскерге шақы-руынан бастап жас сарбаздар Қазақстан Республикасына ант берді.

Ант қабылдау армия тарихында жақсы дәстүрге айналып, әскери бөлім үшін мереке күні болып хабарланды әрі салтанатты жағдайда өткізілді. 1992 жылдың 22 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңы қабылданды. Ал,1993 жылдың 19 қаңтарында «Жалпы әскери міндет және әскери қызмет» Заңы шығып, онда әскери қызметті атқарудың негізгі ережелері, азаматтарды дайындау мәселелері, оларды белгіленген нақты әскери қызметке шақыру және босату, азаматтар мен лауазым иелерінің заң бұзушылыққа жауапты екендігі көрсетілді.

Президенттің 1996 жылғы 18 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері туралы» Жарлығымен Қарулы Күштер түрлерінің байрақтары, рәміздері, әскери бөлімдердің Жауынгерлік тулары бекітілді. 1996-2005 жылдар аралығында әскери білім беру жүйесінің негізі қаланып, елімізде Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, Әскери-теңіз институты,Шет тілдері әскери институты әскери оқу орындары ашылды. Жұмылдыру резервін толықтыру мақсатында азаматтық оқу орындарында запастағы офицерлер даярлау үшін әскери кафедралар ашылды. 1996 жылы Қарулы Күштерге кәсіби сержанттар даярлау мақсатында Елбасының Жарлығымен Шучье қаласында Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы құрылды. Оны бітірушілер кәсіби сержанттар институтының негізін құрады. Ал 1999 жылы ашылған армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі нағыз патриоттар тәрбиелейтін оқу орнына айналып, онда тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларының балалары да білім алуда. Жас офицерлер жыл сайын елдің әскери құрылымдарына қызметке орналасып, маман кадрлар тобын толықтырып отырады. Үздік бітірген түлектерге ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы салтанатты жағдайда лейтенант погондарын тапсыруы игі дәстүрге айналды. Президенттің 2012 жылғы 12 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 354 Жарлығымен еліміздің Қарулы Күштерінің жаңа құрылымы бекітілді.

Оған сәйкес Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерінің шекарасы шегiнде «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстiк» өңiрлiк қолбасшылықтардың жауапкершiлiк аймақтары айқындалды. Қазіргі кезде айбынды Армиямызға жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, әскери-теңіз күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Құрлық әскерлерінің құрамында осы төрт өңірлік қолбасшылық әскерлері, аэроұтқыр әскерлері, зымыран әскерлері мен артиллерия, арнайы әскерлер, сондай-ақ, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, медициналық мекемелер бар. Әуе қорғанысы және Әскери-теңіз күштерінде де белгіленген жауынгерлік даярлықтың бағыттары бойынша заманауи соғыс пен қарулы шиеленістердің сипатына сәйкес әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру қызметтерін жүзеге асырады.

Әуе қорғанысы күштерінде жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін ұстап тұруға, кәсіпқойлықты арттыруға, күндіз және түнде қарапайым және күрделі метеожағдайларда пилотаждау техникасының ұшу құрамын жетілдіруге назар аударылады. Әскери-теңіз күштерінде кемелердің жауынгерлік кезекшілігін, жоғары тұрған әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру мақсаты көзделеді. Тәуелсіз Қазақстан осындай айбынды заманауи және кәсіби әскері бар бейбіт ел. Біздің Қарулы күштер әскери әзірлігі мен техникалық жарақтануы жағынан әлемнің алдыңғы қатарлы армияларымен иық теңестіре алатын дәрежеге жетті. Кәсіби тұрғыда шыңдалған сарбаздарымыз халықаралық бірлескен стратегиялық кешенді оқу-жаттығуларына белсене қатысады. Олар өздерінің жауынгерлік даярлықтың жоғары қарқынды деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери орындары жүйесімен және қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен егемендігіміздің берік қалқаны болып келеді.

А.НӘЖІМОВ.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig