«Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!»

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі түлектеріне диплом тапсыру салтанаты ұйымдастырылды.

Алдымен «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі», «Автокөлік жүргізушісі» мамандықтары бойынша білім алған 76 студент топ шеберлері және кураторларымен сахна төріне шақырылды. Колледждің директоры Болатбек Өтегенов оқу орнының тарихы мен ондағы білім алушылар мен білікті кадрлардың облыстық, республикалық, халақыралық байқауларда қол жеткізген табыстарын саралаған көлемді баяндамасын ұсынды.

i

 

i

Шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев мерекелік лебізін білдіріп, бітіруші түлектерге ақ жол тіледі. Колледж әкімшілігінің жұмысына ризашылығын жеткізген ол еңбек жолына қадам басқалы отырған жастарға диплом тапсырды. Одан әрі бұл рәсімді «Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының мүшелері, колледждің әлеуметтік әріптестері, жеке кәсіпкерлер Меңді Қиматова, Бақтылы Махмудова, «Құрманғазы» ӨК директорының орынбасары Алтын Абуева жалғастырды. Бітіруші түлектердің топ шеберлері мен кураторлары атынан «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының оқытушысы Гүлфарида Қажыбаева сөз сөйлеп, ақжарма тілегін арнады.

i

 

i

Шара барысында колледждің өнерлі студенттері, көркемсөз оқу шеберлері ән мен күйден шашу шашса, «АГРО жастары» КВН командасы әзіл-қалжыңдарымен жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

i

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521