Демалыс орындары көптеп қажет

(0 Votes)

Әр адамға өзінің туылған жері, тұрып жатқан мекені ыстық болып келеді.

Егер өз ауылыңның жағдайы жақсы, экологиялық мәселеден, экономикалық қиындықтан алыс тұрса, соның өзі тұрғындар үшін зор мақтаныш болып есептеледі. Сол қатарға өзіміздің «Құрманғазы» ауылын да жатқызатынымыз заңдылық, әрине.

Біздің елді мекеніміз жылдан-жылға дамып келеді. Қиын жағдайлардан алыстадық деп шүкіршілік ете аламыз. «Бірақ» дейтін де тұсы бар. Ауданымызда ойын-сауықтық, демалыс орындарына деген зәрулік басым. Демалыс күндері қыдырып, көңіл көтеретін жерлері өте аз. Әсіресе жастарымыз үшін бұл басты мәселелердің бірі болып есептеледі. Келіп жеткен жаңа 2019 жыл Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен жастар жылы болып жарияланды. Осы шешімнен кейін, жастар мәселесі толығымен шешіліп кететіңдігіне үміттеніп жүргендер де, атаулы жыл атына заты сай деңгейде өтпей қалады ма деген алаңдаушылар да бар.

Жастар – еліміздің болашағы. Ауылымызда олар үшін барынша жағдай жасалуы керек. Жоғарыда аталып өткендей ауданымызда ойын-сауықтық, демалыс орындары шынымен де жеткіліксіз, ал жас буынға бұл қажетті нәрселердің бірі болып табылады. Ауасы таза болып келетін елді мекенімізде ағаштарға толы саябақтар көбейуі керек. Оған қоса тұрғындарымыз көптен күтіп жүрген шағын кинотеатрлар ашылады деген үміт бар. Жаңа, сапалы фильмдер көрсететін дәл осындай қоғамдық ғимараттар жұмыс істесе, ауылдастардың оған қызығып баратындығына ешқандай күмән жоқ. Жастарға арналған кафе, клубтар ашылса да артық етпес еді. Кішкентай бүлдіршіндерімізге ойын-сауықтық аттракциондарға толы саябақтар, шағын ғимараттар ауадай қажет. Осындай демалыс орындарын қалаға барып іздемей, өз ауылымыздан тапсақ, біз үшін бұл үлкен жетістіктердің бірі болады.

Б. Қазиханов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521