banerkzbig

Дарындылар саны артып отыр

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Жарқын елдің қалауы – дарынды ұрпақ» атты дарынды оқушылардың ІІІ форумы өтті.

Оған аудан мектептерінің жетістіктерімен көзге түскен, түрлі деңгейдегі байқаулар мен сайыстарда топ жарған дарынды оқушылары мен командалары қатысты.

s

Салтанатты шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров қатысушыларды аудан әкімінің атынан құттықтап: – Осындай форум ұйымдастырып, ел болашағы жастарымызды қолдап, көтермелесек, келешегіміз жарқын болады деп есептеймін. Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып жатыр. Кеше әрбір мектепте соңғы қоңыраулар сыңғыр қақты. Сол шараларда білім ұяларында жетістіктерге жеткен шәкірттер марапатталды. Жетістіктеріміз көп. Сапа көрсеткіші аудан деңгейінде 52,2 пайыз көлемінде. Ол 50 пайыз оқушыларымыз 4 пен 5-ке оқитынын білдіреді. Сондықтан келе жатқан жүйеміз дұрыс бағытта деп ойлаймыз. Бұл жетістіктер алдымен ұстаздарымыздың, екіншіден оларды қолдап жатқан ата-аналардың еңбегі. Мемлекетіміздің өзі түрлі бағдарламалар бойынша білім саласының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында көптеген жұмыстар атқарды.

s

Келесі кезекте түрлі деңгейдегі республикалық, облыстық додалардың жеңімпазы атанған дарынды оқушыларды, сайыстарда көзге түскен мектеп командаларын ұлығылауды білім беру ұйымы кәсіподағының төрағасы Әуез Ізжанов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмақай Ғұмаров, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелұлы, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова, облыстық ата-аналар кеңесінің төрайымы Ұлмекен Сапарова, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева жалғастырды.

s

s

0

Құттықтау сөзінде аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева – Бүгінгі форумның басты мақсаты – дарынды оқушыларды қолдау, олардың шыңдалуына, жетілуіне барлық жағдайды жасау. Оқушыларға сапалы білім беру, түрлі әдістерді меңгерту үшін облыстық деңгейде 10, аудандық 16 семинар, конференциялардың өтуі де шәкірттерімізге жасалып жатырған жағдайлардың бірі. Осы оқу жылының ішінде 5 оқушы, 23 мұғалім республикалық және халықаралық байқауларға, 147 оқушы 56 ұстаз облыстық деңгейдегі түрлі шараларға қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Күні бүгін ауданымыз бойынша төрт оқушы мемлекеттік грант иегері болып отыр.

0

0

Қ.Ғұмаров

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig