Дала, егіс өртіне жол бермейік!

(0 Votes)

Адам өмірін және дүние-мүлікті өрттен сақтау әрбір азаматтың борышы.

Шаруашылықтар мен үйлердің жазғы мал қоралары елді-мекендерден шалғай орналасуына байланысты өрт бола қалған жағдайда оны сөндіруге өрт көліктері тез арада бара алмайды. Сол себептен ұжымдардағы су таситын автокөлік, қолда бар техниканы өрт сөндіруге бейімдейік. Оны қолда бар техникалармен шығынсыз сөндіруге міндеттісіз.

Жыл сайын аудан көлемінде көктем айларында шаруашылық басшылары және жеке азаматтардың жауапсыздығынан дала өрттері пайда болып сұлу табиғатымызға көп зиян келтіреді. Көп жағдайда өрт азаматтардың қауіпсіздік ережелерін білмегендігінен және оған немқұрайлы қарағанынан шығып жатады. Орман, тоғайлы жерлерде орманшының жоқтығын пайдаланған кейбіреулер демалған жерінде от жағады да оны өшірмей кетеді. Нәтижесінде мал жайылымдары, шабындықтар, желге қалқан болатын, табиғатқа көрік беретін әсем ағаштар мен өсімдіктер, оларда мекендейтін жануарлар жалынға шарпылады. Сондықтан көп болып дала, егіс өртіне жол бермейік.

Құрметті аудан тұрғындары! Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар.

Ж.Абдуллаев,

Құрманғазы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521