banerkzbig

Чернобыль ардагерлеріне марапат

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада «Чернобыль қасіреті ел есінде» атты 1986 жылы орын алған ғаламат техногендік апаттың зардабын жоюға қатысқандармен кездесу кеші өтті.

Шараны кітапхананың оқырмандармен қамту бөлімінің меңгерушісі Людмила Рахметова жүргізіп, атом электр стансасындағы жойқын жарылыс туралы, дереу дезактивизация жасап, радиациялық тозаңнан тазартуға атсалысқандардың ерен еңбегі мен ерлігі жайында баяндады. «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің аудандағы және облыстағы жетекшілері Ерсұлтан Мәмбетов, Серік Мырзағалиев, облыстық Чернобыль ардагерлері кеңесінің төрағасы Болат Дәулетияров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев сөз алып, қарбалас күндердің естеліктерімен бөлісті.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы міндетін уақытша атқарушы Ернар Мұханбеталиев Чернобыль ардагерлері Е.Мәмбетовке ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісін өңіріне қадап, С.Қуаналиевке, Т.Меңдіғазиевке облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы С.Өмірзаховтың алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, шарада азаматтық және әскери борышын абыроймен орындаған бірқатар чернобыльдіктерге «ҚР Чернобыль және локальды соғыс ардагерлер» одағы мен «ТМД елдері Чернобыль одағы» халықаралық ұйымының «Қызыл Жұлдыз» орденін табыстады.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig