banerkzbig

Бизнеске бағыт-бағдар береді

(0 Votes)

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы желтоқсан айынан бастап Атырау облысында «Скрининг» жобасын жүзеге асыруда. Осыған орай, ақпараттық-түсіндіру тобы ауданымызда болып, кәсіпкерлермен кездесу өткізді. «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының басшысы Ұлыбек Өтегенов жиналысты ашып, олардың келу мақсаттарын түсіндіріп, қонақтармен таныстырып өтті.

Топ жетекшісі Әнуар Керімбаев: - Бүгінгі таңда ауылдық жерлердегі еңбек өнімділігін арттыру өзекті мәселе болып саналады. Ол үшін кәсіпкерлікті кеңейтіп, осы бағыттағы жұмысты барынша қолдау қажет.

Алайда, заманауи талапқа байланысты халыққа кейбір қызметтерді көрсетуде қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларға деген сұраныс бірте-бірте жойылуда.Осы бағытта палата «Скрининг»деген жобаны қолға алатын болатын. Бұл медициналық термин, адам ағзасындағы түрлі ауруларды анықтау. Ал біз оны өңірлердегі бизнес ахуалды нақты анықтау мақсатында өзіміздің әлеуметтік-экономикалық ізденіс жұмысымызға алып отырмыз. Скринингті Атырау облысының барлық аудандарына жүргізіп келеміз. Ол үшін ауыл елді аралап, тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуға тырысудамыз.

Бүгінгі күні Құрманғазы ауданында бұл жобаны өздеріңізбен талқылап, оған қосатын қосымша ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдауға келдік. Скрининг қай ауылда қандай бизнес түрінің дамығанын, қай түріне әлде де сұраныс барын анықтауға мүмкіндік береді. Оның қайнар көзі – тұрғындар мен кәсіпкерлер болғандықтан біз ең алдымен өз жұмысымызды оларға сауалнама жүргізуден бастадық.Сауалнамадағы сұраққа жауап бергендер тұрғындарға нақты не керектігін анықтайды.

Қорытындысында скрининг өңірдің нақты қажеттілігін ескеретін жол картасын жасауға жол ашады. Яғни, бұл маңызды жоба. Ол жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтамасыз ететіндердің нақты санын анықтап, жаңа жұмыс орындарын ашатын бизнес-жобаларды құруға мүмкіндік береді. Аналитикалық талдау арқылы біз белгілі бір елді мекенде қандай бизнес жасауға болатындығын, өңірге қандай мамандар қажет екендігін нақты анықтаймыз, - деп мультимедиалық экраннан ауданымызда дамытуды қажет ететін кәсіпкерліктің тиімді тұстарын ашып көрсетіп, жаңа бизнес жобалармен таныстырып, қаржыландыру көздерінен хабардар етті.

Одан әрі кездесу барысында кәсіпкерлер мен шаруа қожалық иелері қаржы ресурстарына қолжетімділік, шағын несие беру, ауылшаруашылық кооперативтерін дамыту мәселелерін алға тартып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

А.Шакупова.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig