Бірге жүрген күндерді ұмытпайық...

(0 Votes)

Бұлдырап артта алпыс қалды. Өткен күндердің елесіне шырмалатын түндер көп.

Ұрпақ үшін болмаса, материалдық игіліктер, дұрысы жалғанның жылтырағы қызықтыра бермейді. Өмірден көп-көп достар, жақсы аға, жақсы інілер таптым. Олардың арасын жарастырмасам, сына қағып көрген емеспін. Көп достарым онымды бағалап, мерейімді көтеретін сәттер мол. Ұзақ жылдар хабарласа алмай қалған, жаным жарасқан азаматтардың бір дерегін білсем деген ниетімді елдестерім түсінер деп ойлаймын. Өйткені, өткен күндерінің куәсі, қызықты да, шыжықты бірге көргендер кім-кім үшін де қымбат емес пе?

1974 жылдың жазында Омбы облысы жерінен әскери борышымызды бірге өтеп келген Батыров Ерсайын (Сайын) деген «служактың» өлі не тірісін білгім келеді. Сол жылы жазда бұрынғы Гурьевтің «Колхоз базарының» жанындағы Алиев көшесінің бойындағы үйінде кездестік. Менің жанымда ауылдас досым Мертай (қазір марқұм) болды. Суретке түстік. Ана суртте анасы қайтыс болған, қолында өсіп жатқан жиенімен тұр.

6

Павлодардан Айтбаев Халық, Жетібайдан Мушагулов Абыл, Ақтөбенің Байғанин ауданынан Құдабаев Телеғұс деген «служак» достарым бар еді, хабар болмай кетті. Айтпақшы, Жамбылдан Ермекбаев Молдабек, Шымкеттің Ленгірінен Жұманов Ерғали Тоғаевич деген асыл азаматтарым да мен үшін қымбат.

6

6

6

Біздің құрамаға (Теміржол батальоны) аспаз болған Ұзақбай Қосанов деген Ақтөбенің Арал аймағынан, Құланды телімінен (уч. Куланды делінеді ол кезде) мықты дос болды. «Аралдағы жеңешем» әнін айта ма қазір?

6

6

6

Кейіннен сол Ақтөбе темір жол көлігі техникумының ПГС бөлімінде 1979-1982 жылдары сырттай оқыдық. Онда да тамаша достармен жұбымыз жазылмады. «ст. Челкар, к/с «Соленая» дейтін жерден Кукенов Сандыбай Елеусізович деген бір жақсы ініміз болды. Гүлгүл деген арман-қызға мүмкін қолы жетті, жетсе бала-шағасы бар шығар?! Оның жанындағы Оңалбек інім қайда? Ақтөбенің, Новоресей (пос. Новороссийск) жерінен Калдыгулов Серик деген бір аяқтан ас ішкен тамаша азамат болатын. Сенікі-менікін білмейтін ақберен, жүрегі таза жігіт еді. Сол күндері ол өрт сөндіру бөлімінің офицері болатұғын. Қандағашта да тамаша аға Хусман Нурушев, Алғада Болат Қалиев т.б. ағалар болды. Баршасы да жүрегімде – жазулы хаттай, хабарласуларын қалаймын. Ұялы тел: 87014416908 Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы Дәрелов Таңатар

Сол достарым сағына ма мені деп...

Алдан арман, шақырғанда ақ таңым,

Сендер менің бұл өмірден тапқаным

. Осы күнде сары күздей – сағыныш,

Тағы алмаймын сол бір өткен шаққа мін.

Шалғай шетке табан бірге тигендер,

Бір туғандай бір – бірімізді сүйгендер.

Екі жыл соң қимай-қимай қоштастық,

Қонышынан тартып етік кигендер.

Жаңылғам жоқ көңіліммен іздеуден,

Арман күнге қайыра бір жүзбеуден.

Орындарың сол баяғы қалпында,

Сағынышпен көтеріп тұр сыз кеудем.

Өмір жол ғой, бастар бірге түйісті,

Көзге дағы, көңілге де жиі ыстық.

Сықырлаған аязында Сібірдің,

Ылғи қазақ орманындай ұйыстық.

Екі жыл соң тарттық туған мекенге,

Өмір алда, сан сұрағын шешем деп,

Кімдер шешті, шешпегендер бар ма деп,

Сары ойлардың сан азабын кешем кеп.

Бұйырмысын арнап өткен қоғам сол,

Студенттік достар тапқам одан соң.

Сағынышымның сарқи алмас айдынын,

Арада өткен жылдар салған тозаң мол.

Сарқылушы ек келгеніндей ақтық күн,

Қалта қағып қызығына баттық мың.

Жүрегімді сендер құрап тұрсыңдар,

Жалауы боп желбіреген жастықтың.

Жолға түсіп жүрек өзі таңдатқан,

Бақыт іздеп тарағанбыз жан-жаққа.

Бақсақ бақыт, сол алаңсыз күніміз,

Ұқсағанмен желмен ұшқан қаңбаққа.

Еске алам да, елесіне кенелем,

Жан құлазып естеліктер емер ем.

Сол достарым сағына ма мені деп,

Сағыныштан біреу өлсе, мен өлем.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521