"Бір ел - бір кітап - 2019" акциясы

(0 Votes)

Аудандық орталық кітапхана мен РТС селолық кітапханаларының ұйымдастыруымен Бегалиев орта мектебінде қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына орай «Толағай ақын, толастамас жыр» атты жыр кеші өтті.

Мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылықтарын ояту, эстетикалық тәрбие беру мен ақын шығармаларын кеңінен насихаттау.

Кеште кітапхана қызметкері Г.Өтепова ақынның өмір жолымен таныстырса, 11 «б» сынып оқушылары ақынның «Сырдария», «Еске алу», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Ат үстінде», «Қойшы жыры», «Достық жыры», «Есіме түссе», «Көтеріл, көңілім, қалғыма», т.б. өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.Ә.Тәжібаевтың кітаптарынан «Семсер жырдың алдаспаны» тақырыбындағы кітап көрмесіне слайд шолу жүргізілді. РТС селолық кітапханасының меңгерушісі К.Габдулова шараны қорытындылап, қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Ж.Құлбаева,

кітапханашы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521