banerkzbig

Бейнебақылау камераларының көмегімен 67 қылмыс ашылған

(0 Votes)

Атырау облысында 759 бейнекамера бар, оның 374-і көпқабатты үйлердің алаңшаларында орнатылған.

Атырау облысында 759 бейнекамера бар, оның 374-і көпқабатты үйлердің алаңшаларында орнатылған.

Халықпен есеп беру кездесуі кезінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бейнебақылау камераларының көмегімен 34 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 67 қылмыс ашылғанын мәлімдеді.

«Барлығы 183 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Барлық құқықтық тәртіпті бұзушылықтар бойынша 1,5 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды» деп хабарлады Нұрлан Ноғаев.

2018 жылы облыста 18 учаскелік полиция бекеті ашылды, облыстық және республикалық трассаларда 4 стационарлық пост салынды: қаладан шыға берісте Атырау – Құлсары, Атырау – Индер, Атырау – Астрахань және Атырау – Орал.

Стационарлық постылар «Поток» аппаратық – бағдарламалық кешендерімен жабдықталған. Бұл бағдарлама жол қозғалысы тәртібіндегі әкімшілік құқықбұзушылықтарды автоматтық режимде тіркеп отырады.

Айқара Ғұмар

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig