banerkzbig

Бас қаланың кереметтері

(0 Votes)

2016 жылы Астанада болғанымызда біз тамашалаған “Думан” ойын-сауық кешеніндегі океанариум мұхиттан ең алыс орын тепкендіктен Гиннестің рекордтар кітабына енген.

 

Океанариумнан ең жақын мұхитқа дейінгі ара қашықтық үш мың шақырымға жуықтайды. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген 2000-нан астам жәндіктер және балық түрлері кездеседі. Сыйымдылығы - 3 млн литр суды құрайды, оны әзірлеуге 120 тонна теңіз тұзы жұмсалған. Ең ірі мекендеушілері - ұзындығы 3 метрге жуық акула және салмағы 200 кг тасбақа. Ал ең ұсақ балықтың ұзындығы бар болғаны 5 см.

Астанадағы “Хан шатыр” ойын-сауық орталығы әлемдегі ең үлкен шатырлы ғимарат болып саналады. Орталықтың жалпы аумағы - 127 мың шаршы метр. “Хан Шатыр” - бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады. Лорд Норман Фостердің қиялынан шыққан сәулет ғажайыбы Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады. Тұғырлы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаңқасы фторполимермен қапталған ұсақ торлы алып шатырдан тұрады. Халық арасында “Пирамида” - деп аталып кеткен ғимарат Бейбітшілік және келісім сарайында бес лифт бар. Олар 60 градуспен көлденеңінен қозғалады. Оның біреуі - Президентке арналған.

Астанадағы ең биік ғимарат “Изумрудный квартал” тұрғын үй кешені. Кешен әртүрлі қабатты үш мұнарадан тұрады (37, 40, 53 қабат). Ең биік мұнарасы - 210 метр. “Қазақстан” ОКЗ көрермен залы домбыра түрінде жасалған. Мұндай бірегей жоба ТМД елдерінің ешбірінде жоқ және Қазақстан Республикасының ең негізгі архитектуралық туындысы әрі мәдени орталығы болып есептеледі. 2014 жылы Астананың Орталық саябағында құрғақ субұрқақ ашылды. Елорданың Орталық саябағындағы сағат жанында орналасқан бұл субұрқақтың ерекшелігі - оның тостағандары жоқ. Гейзерлер деп аталатын су шапшымалары тақтатастардың астынан шығады. Жер астынан атқылап, қайта жоғалып кететін субұрқақ жаз мезгілінде балалар үшін қатты қызықты. “Абу Даби Плаза” кешенінің орталық нысаны - биіктігі 388 метр (88 қабат) болатын мұнара-ғимарат. Алға қарай оның айналасында біріккен тағы бірнеше ғимарат бой көтеретін болады.

Бір мезетте кешкі ас ішіп, айналатын мейрамхана арқылы қала келбетін тамашалауға бола ма? Әрине! Ол Елорданың заманауи іскер орталығында Есіл жағасындағы 23 қабатты “Пекин Паллас” қонақ үйінде орналасқан. Тамақ ішіп болғаныңызша қаланы көрсетіп шығады. Мұндай мейрамхана Қазақстанда жалғыз. Оның айналу жылдамдығы сағатына 360 градусты құрайды. Бас қалада ұзындығы 2 шақырым ғимарат та бар. “Министрліктер үйінің” жалпы аумағы 228 мың шаршы метрді құрайды және 20 блоктан тұрады. Осында Қазақстан Республикасының министрліктерінің кеңселерімен қатар, мұрағат, емхана, дүкен сияқты әлеуметтік маңызы бар орындар да ашылған. Ең үлкен Ту “Атамекен” этно-мемориалдық кешенінде орналасқан. Бұл Тудың көлемі 15х30 метр. Ол 111 метр биіктікте болғандықтан көк байрақты қаланың кез келген нүктесінен көруге болады. Сарапшылардың айтуынша, бас қаладағы бұл Ту көлемі бойынша әлемдегі ең үлкен жалаулардың ішінде төртінші орында. Түркіменстан, Иордания мен Солтүстік Корея алғашқы үштікті құрап отыр. Қазақстан байрағы орналасқан жердің көлемі 450 шаршы метр. Аталған Тудың жауын-шашынға да, қарға да, тікелей күн көзіне де төзімді тығыз матасы Түркияда дайындалады.

Дереккөздерден әзірлеген Қанат ҒҰМАРОВ.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig