banerkzbig

Балық жолдары қазылмай қалмасын

(0 Votes)

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс L сессиясы мен тұрақты комиссияларының отырысын сессия төрағасы Бержан Кенжебаев ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі «2016-2020 жылдарға арналған Құрманғазы ауданының Аумақтық даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров қысқаша хабарлама жасады.

img_8201

Хабарламашыға аудандық мәслихаттың депутаттары Рифхат Сұлтанияев, Өмірболат Есенғазиев өзгерістердің кейбір тармақтарына қатысты сұрақтар қойды. Аудандық мәслихаттың депутаты Жұмажан Шакупов арналарды тереңдету жобаларын жасаған мекеме жергілікті шаруа қожалықтарымен ақылдаспаса, балық жүретін негізгі жолдар қазылмай қалуы мүмкін екенін жеткізді. Депутат Болат Абдолов қазіргі жасылып жатырған тереңдету жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, ресейліктердің тәжірибесін пайдалану қажеттігін алға тартты.

img_8204

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміров өз жауабында айтылған ұсыныстар ескерілетінінен, сонымен қатар екі ел президенттерінің кездесуінен соң іргелес ел де келесі жылы тереңдету жұмыстарына кіріскелі жатқанынан хабардар етті. Келесі кезекте күн тәртібіндегі өзге де мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

 

Қанат ҒҰМАРОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig