Балық болсын десең шабағын құтқар

(0 Votes)

Шабақ құтқару балық аулаумен айналысатын ұжымдардың жаз айларындағы маңызды науқаны.

Шаруашылық басшылары арнайы бригада жасақтап, қажетті көлікпен, құрал-жабдықпен қамтып жауапкершілікпен кіріседі. Өр суы кезінде Қиғаш өзені мен оның сағалары арнасынан асып сай-саланы толтыратыны белгілі. Су қайтқан кезде уылдырықтан өсіп-жетілген шабақтар кең арнаға жол таба алмай жатады. Бұл орайда қайту жолдарын шөп-шаламнан тазартып отырудың пайдасы зор. Көлтабанда пайда болған шағын-шағын көлшіктердегі шабақтар сүзіп алынып өзенге жіберіледі.

«Каспий-Балық» өндірістік кооперативіне бөлініп берілген Бірлік ауылдық округіне қарасты «Щучиный», «Бүргем», «Гусиный», «Колпин» және Кудряшов ауылдық округінің «Торыбай» учаскелерінен балықтың тұншығуының алдын-алу шаралары басталып кетті. Бригада жетекшісі болып балық қабылдау пунктінің меңгерушісі Сансызбай Сағаденов бекітілді. Жиырма адамнан құралған екі бригада алдымен жыралар бойындағы шөптерді шауып, балықтардың еркін қозғалысын қамтамасыз етті. Содан соң көлшіктердегі өліп қалу қаупіндегі шабақтар құтқарылды, қазірдің өзінде 573 мың дана уақ шабақ кең айдынымен қауышты. Бұл жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілуіне Құрманғазы аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының бас маман-инспекторлары Қайрат Байғазиев, Олег Сиднев, Салауат Сүлейменов атсалысып, өз кеңестерін беріп отырды. Бірлік ауылдық округінің бас маманы Венера Кабулова да ұйымдастыру бағытын басты назарда ұстады. Шабақ құтқару шарасы шілде айының аяғына дейін жалғасатын болады.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521