banerkzbig

Бақытұлының бақытты шағы

(0 Votes)

Хиуаз ауылында Жаңаталап ауылдық округі әкімшілігі ұзақ жылдар ветеринария саласында қызмет еткен, мемлекеттік қызметкер Қадырғалиев Саттар Бақытұлының зейнеткерлік жасқа толуына орай салтанатты шара ұйымдастырды.

Салтанатты шараға ел ағалары, ауыл тұрғындары, әлеуметтік нысан қызметкерлері және зейнеткердің туған-туыстары мен ұл-қыздары қатысты.

Саттар Бақытұлы - халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де қашанда өзекті саласы - ауылшаруашылығын дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек сіңірді. Ветеринариялық қызмет мал ғана емес, оның өнімін тікелей пайдаланатын адамдар үшін де маңызды. Адамгершілік қасиетімен қатар кісілік келбетімен көпшіліктің, әсіресе, малшылар қауымының сеніміне, ықыласына, сүйіспеншілігіне ие болған ол еңбек жолын мемлекеттік қызметші саласында жалғастырды.

Жаңаталап ауылдық округі әкімшілігінің кеңесшісі Самиғолла Құбашев: - Мемлекет мүддесіне қызмет атқару абыройлы, әрі жүгі ауыр жауапкершілігі мол жұмыс. Сіз рухани жаңғыруды мақсат тұтқан, бейбітшілікті бағына балайтын мемлекетке, оның халқына мүлтіксіз қызмет жасадыңыз. Әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз өзіңізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды,- деп мерейгердің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ, шарада Құрманғазы аудандық ветеринариялық стансасының басшысы Асланбек Бірғалиев, Жаңаталап ауылдық округінің ветеринария ұжымының атынан Талапқали Шияпов, округтің ардагерлер кеңесінің атынан Алтай Тойлыбаев, «Балтас» жеке кәсіпкерлігі атынан Тілекқабыл Қарамалаев, «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы ұжымы, шаруа қожалықтары атынан Нұрберген, Болатбек, Қоблан есімді азаматтар сөйлеп, құттықтау хаттарын, сый-сияпаттарын ұсынды.

Салтанатты шара соңы ауыл өнерпаздары дайындаған мерекелік кешке ұласты.

Қанат ҒҰМАРОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig