banerkzbig

Автобустарға субсидия бөлінеді

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты комиссияның кезекті отырысында жерге қатысты бөлімдердің атқарған жұмыстары талқыланды.

Алдымен аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Эдуард Азатовтың 2018 жылдың І жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қатысты атқарған жұмысы жөніндегі хабарламасы тыңдалды. Бөлімнің жаңа басшысы жемқорлыққа қатысты фактілер орын алмағанын, мемлекеттік қызметшілерден шағым түспегенін атап өтіп, өздері арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерден хабардар етті. Хабарламадан кейін комиссия мүшесі, аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов ауылдардың сиқын бұзып тұрған ескі ғимараттарды жою жөнінде қандай шаралар алынып жатқанын сұрады. Берілген жауапта олардың иелеріне Әкімшілік кодекстің 505 бабы бойынша ескерту хаттары жіберілгені, орындамаған жағдайда шара қолданылатыны жеткізілді.

Аталмыш комиссияның төрайымы Ұлмекен Сапарова: - Құрылыс жобасын жасап, кейін оны өзгертіп жіберетіндер бар. Эскизде бәрі керемет, салғанда басқаша болып кетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай оқу-семинарлар, көшпелі отырыстар өткізілді? Мемлекеттік қызметкерлердің этикасына да мән беріңіздер. Олар туралы халық: «барғанда сұрағымызға дұрыс жауап алмаймыз», деген ренішін білдіруде, - деді.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров: - Қазір адамдармен байланыс әлеуметтік желі арқылы жүреді. Сіздерде бұл жұмыс баяу. Халық жер алу жөніндегі өзгерістерден бейхабар. Кезінде шарбағын өсіріп, оны заңдастырып алғандардың көршілері біз де сонымен бірдей етеміз деп мақсатсыз ұзартуға ұмтылуда, - дей келе, әлеуметтік желіде түсіндіру жұмыстарына, көшпелі семинарлар ұйымдастыруға мән беруді тапсырды. Аудан прокурорының орынбасары Аянбек Сүйінәлиев штат құрамына қатысты сұрақ қойды.

Келесі кезекте аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділбек Әжіғалиев хабарлама жасады. Өз сөзінде бөлім басшысы тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегі, құжаттарын түгендеу, оларды тапсыру қажеттігі туралы аудандық газетке хабарлама беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне тоқталды. Сондай-ақ, www.atyrau.gov.kz ресми сайтында тұрғындардың кезектері жарияланған. Пәтер кезегіне тіркелген азаматтардың тізімдері жасақталып, бөлімнің кірмесіне ілінген. Осы көрнекілік арқылы жеке және заңды тұлғалардың толық ақпарат алуына барлық жағдай туғызылған.

Хабарлама тыңдалғаннан кейін аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Бектеміров бұл бөлімде жұмыс жақсы ұйымдастырылып отырғанын, облыстан келген комиссия оны жоғары бағалап, облыс көлемінде таратуға ұсыныс жасағанын жеткізді. Бірақ, соны әлеуметтік желіде насихаттау мұнда да кемшін түсіп тұр. Комиссия мүшесі Б.Жүгінісовтің жолаушылар тасымалы туралы қойған сұрағына берген жауабында аталмыш бөлім басшысы: - Қоғамдық тасымал күрделі жұмыс. Азғырға тасымалды жеңіп алған кәсіпкер бар. Аудан, ауылішілік жолаушы тасымалына ешкім түспеді. Қазір бұл бағыттарды субсидиялау мәселесі көтеріліп отыр. Сонда 10 кісілік автобус кісі жиналуын күтпей үш адаммен де жүре береді. Қалғаны субсидиямен өтеледі, - деді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Бектеміров бұл мәселе облыстық мәслихаттың сессиясында көтерілгенінен, 2019 жылдан бастап қаржы берілетінінен хабардар етті. Одан әрі хабарламашы комиссия мүшесі О.Құмарғалиев тарапынан қойылған жалға берілетін үйлер туралы сұраққа жауап қайтарды.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Сәтжан Сақтағанов: - Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жүргізіліп, үнемі бақылауда ұсталуда. Барлық ауылдық округ әкімдеріне және аудан бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларға, жер учаскелерін беру немесе бас тартуды қорытындылайтын аудандық комиссия мүшелеріне Жер кодексіне сай жасақталған жер қатынастары саласы бойынша кейбір мәселелер қамтылған әдістемелік ұсынымдар дайындалып, таратылды, - деп басқа да атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, комиссия мүшесі О.Құмарғалиев Үштаған, Асан ауылдық округтеріндегі әскери аймақтан босаған жерлерді анықтап, шаруа қожалықтарына пайдалануға беру керек деген ұсынысын ортаға салды. Хабарламашыға комиссия төрайымы Ұ.Сапарова, мүшелері А.Сүйінәлиев, А.Карсаков тарапынан да көтеріліп отырған тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылды.

Қанат ҒҰМАРОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig