Ауылдасының үйін жөндеп берді

(0 Votes)

Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі.

Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, кіріптарға қайыр беруді, қарттарды аялауды, мүгедектерді қорғау әрбір адамның адамгершілік борышы деп есептейді. Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар-кез келген қоғамның негізгі тірегі.

zhaatalap1

Округ әкімі Олжас Сержанұлы Тәжібаев округімізге қарасты Үлкен Күйген ауылының тұрғыны, ІІ топ мүгедегі Бауыржан Капизовтың апатты жағдайдағы тұрғын үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ауыл жастарынан құрылған қайырымдылық тобына ұсыныс жасаған болатын. Айта кетейік, бұл жастар аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі жандарға, округ көлемінде өткізілетін қайырымдылық шараларына үнемі қолдау көрсетеді. Мысалға айтар болсақ «Мектепке жол» акциясы кезінде аз қамтылған 5 отбасыға 75 000 теңгеге оқу құралдарын әперсе, басқа да санаттағы отбасыларға 2-3 жылдан бері әр-түрлі көмектесіп келеді. Олар округ округ әкімінің ұсынысын қабыл алып, Бауыржан Қапизовтың тұрғын үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге белсене кірісті. Мәзіңкі үйдің төбесін жаңадан жауып, 3 пластик терезе қондырып, т.б. жаңарту жұмыстарын жасады. Қолға алған істерін көп созбай, сапалы аяқтап, үй иелерін қуанышқа бөледі.

zhalatalap2

Аталған топтың мүшелері, қайырымды істерімен көпке үлгі болып жүрген көкірек көзі ояу, жүрегінде иманы бар Хиуаз ауылының қайырымды жастары Нұрхат Қанатұлына, Әскербек Нуховқа, Жасұлан Шұғайыповқа, Ғаділжан Батырғалиевқа, Есен Исағалиевқа, Ерген Тасимовқа, Мейрембек Мардановқа, Серікбол Нажимовке, Елнұр Нұрбайұлына, Нұрлан Сағындықовқа және т.б. ауыл жастарына алғыс айта отырып, осындай мейірімі мол істің жалғасын таба беретініне сенім білдіреді.

zhaatalap3

Н.Сағынғалиева,

округ әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521