banerkzbig

Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды

(0 Votes)

Халық қай заманда болмасын аталық сөзді қадір-қасиет тұтқан, сыйлаған, түсінген. Хан да, қара да, батыр да, шешенде бұл сөзден аттап кете алмаған. Бұған бас иген, тоқтаған. Осы сөздер арқылы қаралар хандарды жеңген. Ханнан артық қара бар, қылыштан өткір ара бар. Қараның сөзіне ханның тоқтағаны оны өзімен пара-пар санаған деген ойымызды растай түседі.

Батырлар сөзден жеңілсе, жау санаса да қылыш көтермеген. Шешендер сөзден тосылса баланы да данаға санап шегінген. Сөздің осы құдыреті атадан балаға жалғасып мирас болып қалған. Мұндай сөз құдыретін бізде «мақал-мәтелдер» десе, оны түрік тілінде «аталық сөздер» деп атайды екен. Мысалы, «Отан үшін отқа түс күймейсің, суға түс батпайсың», «Өтіріктің балын жалап күн көргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық», дейді Б.Момышұлы. Бұдан алатын ғибрат ерекше. «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды», - деген сөз осыдан қалса керек. Мақал-мәтелдер халықтың жылдап, ғасырлап көргендерінен, білгендерінен, тәжірибеден тұжырымдалып қорытындыланған ойлар туындысы.

Қазақ ата мен ананың, оның ұрпақтарының, ағайын-туыс, көрші-көлемдер арасындағы қарым-қатынастарды, отбасылық тіршілікті, сыйластықты, тәрбиені мақал-мәтелдермен де жүзеге асырған. «Жақсы болса құдай қосқан қосағың, Маздап жанар ошағың. Жаман болса құдай қосқан қосағың, Жанбай өшер ошағың», «Алғаның жақсы болса – шаңырақтағы ырысың, ұлың жақсы болса – қынаптағы қылышың, қызың жақсы болса – ұзарған өрісің, келінің жақсы болса – кеңейген тынысың». Осылай дейді дана халқымыз. Жалпы осындай мақал-мәтелдер арқылы достық, туысқандық, бірлестік, дана мен шаланың, асыл мен жасықтың, төре мен қараның арасалмағы жүйеленген. Қандай ұлт болмасын өзіндік тіл ерекшелігін, мәдени зердесін, өнерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын жан-жақты ұғынғанда ғана ұлттық қасиетін, тұрмыс-тіршілігін аша алған. Сол әдет-ғұрыптарды, салт-мәдениетімізді бүгінгі ұрпаққа ұғындырып, олардың күнделікті өміріне қолданатын бұлжымас әдет-дағдысына айналдыру, бойларына сіңіру қазіргі ғасыр талабы. Үлкен мен кіші, ата мен бала, ана мен қыз және ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластықты, ізгілікті, имандылықты үйрету сонау заманнан бері ақсақалдардың еншісіне тиген.

Осы үлгі-өнеге жастардың кәдесіне жарай берсін деген ниетпен елден, тіршіліктен, өмірден ойға түйгендерімді, ат арқасында жүріп ел аралаған азаматтардан естігенімді назарларыңызға ұсынып отырмын. Кәдеңе жарасын ағайын!

Мәдениет Харистегі,

еңбек ардагері,

Нұржау ауылы.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig