Арыстық қариялар демалыс үйіне аттанды

(0 Votes)

 Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен бүгін арыстық 200-ге жуық ардагер «Мейір» ардагерлер үйіне аттанды.

Аталған бастама Арыс қаласының зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Онда ардагерлерге түрлі медициналық қызметтер көрсетілетін болады. Атап айтқанда, физиотерапиялық, парафинмен, озокеритпен емдеу, дене шынықтыру, дәрі егу сынды ем-дом көрсетіледі. Демалушылар күніне 4 мезгіл тамақтанады. Жалпы демалу мерзімі - 15 күн. Сондай-ақ, демалушы ардагерлердің қатысуымен күнделікті концерттік бағдарламалар өткізілетін болады.

Айта кетерлігі, Арыс қаласында 3900-ден астам зейнеткер тұрады. Бүгін 8 шілдеде «Мейір» ардагерлер үйіне 190 зейнеткер аттанса, 9 шілдеде «Ардагерлер үйіне» 200 зейнеткер жолданады. Жалпы шілде-тамыз айларында барлығы 1360 зейнеткер қамтылады.

 Фото: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521