Армысың, әз Наурыз!

(0 Votes)

Аудандық білім бөлімінің қызметкерлері ұлық мерекеге орай ақ дастархан жайып, ұлттық салт-дәстүрді насихаттады. Соның ішінде, құда түсу, бесікке салу салт-жоралғылары жаңғыртылып, олардың мән-маңызы түсіндірілді.

– Ұлттық құндылықтарымыздың бірі – бүгін тойланып жатқан Наурыз мейрамы. Ұлыстың ұлы күні еліміз бен жеріміз үшін ырыс пен берекенің, бақыт пен тұрақтылықтың, жаңару мен жаңғырудың бастауы болғай – деп аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева ақ тілегін арнады. Бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, мәре-сәре болған қонақтардың алдына ас тағамы тарту етіліп, жайнаған дастархан ұсынылды.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521