«Армандар орындалады»

(0 Votes)

Қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарға көмек көрсету – «Харекет» қорының басты мақсаты.

Міне, бұл бағытта олар өз дегендерінен ауытқымай, шарапатты істердің жаршысы болып келеді.

6

6

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Харекет» қайырымдылық қоры «Армандар орындалады» атты концерт ұйымдастырды. Оны аудан өнерпаздары Руслан Исмагулов пен Гүлзада Кенжешова жүргізді. Бұл кешке арнайы Ақтөбе қаласынан жезтаңдай әншілер Аида Нажмадинова, Арман Жиеналиев келіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Назерке Өтеуова, Гүлзада Кенжешова сынды өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, кештің көркін қыздырды. Бұдан әрі, жүрек жылуымен мұқтаж жандарға сенім мен адалдықтың нұрын ұялата білген «Харекет» қайырымдылық қорының еріктілері сахна төріне шақырылды. Аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев жерлестерін қайырымдылық жасауға шақырып, алыстан ат терлетіп келген өнер иелеріне зор ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Кешті ұйымдастырушылар «Харекет» қайырымдылық қорының ауданымыздағы еріктілерінің сауапты жұмыстарына сәттілік тіледі. Қордың еріктісі Ризабек Сұлтанияев қайырымдылық шараларына қолдау көрсетіп келетін аудан әкімінің орынбасары Ө.Тәжібаевқа, аудандық мәдениет үйі ұжымына, «Дарын» той ұйымдастыру орталығына алғыс хат ұсынды.

6

6

6

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521