Қараусыз мал қамаққа жеткізіледі

(0 Votes)

Құрманғазы ауылдық округ әкімінің есеп беру жиналысында көтерілген мәселелерге орай аудан әкімі Қайрат Нұртаев атқарылған бірқатар істерге тоқталып, аудан орталығы бойынша бірінші кезекте қолға алынатын жұмыстарды тізбелеп өтті.

– Қазіргі уақытта ең бірінші өзекті мәселе ауылішілік жолаушылар тасымалын жолға қоюымыз қажет. Биылғы жылы осы жұмыстарға облыстан субсидия алынды. Оны тезірек ұйымдастыру округ әкіміне тапсырма болмақ, қатаң жауапкершілік те сұралынады. Алдымен Еңбекші, Мақаш ауылдық округтері арасына маршрут шығару міндеті тұр, ал қалған Ақкөл, ішкі бой бағыттарына жол жұмыстары аяқталған соң кірісетін боламыз. Содан кейінгі өткір тұрғаны тұрғындардың меншігіндегі малдарды бағуды ұйымдастыру мәселесі. Бізде мал ұстау жөнінде мәслихатпен бекітілген ереже бар. Көптеген мал ұстайтын тұрғындар оған онша мән бере бермейді, кештіғұрым мал өрістен қайтқанда иелері алдынан қарсылап алмайды. Қараусыз сиырлар көше кезіп саябақтағы, орталық алаңдағы теректерді жеп қою фактілері жиі кездеседі. Қуалап, айдағанмен көзді ала беріп тағы түседі. Малдың тісі тиген талдардың қайтадан өсіп кетуі екіталай. Қыруар қаржы мен жаз бойғы еңбек заяға кетеді. Қанша ескертіле, айыппұлдар салына тұрса да еш нәтиже жоқ. Түнгі мезгілдерде ұзын аяқты түйе мен жылқыны да кезіктіреміз. Алдағы уақытта қатаң шара қолданатын боламыз, «Қазақавтодордың» ескі ғимараты мен гараж ауласын коммуналдық меншікке алып, айып тұрағы мен қора-жай жасақтайтын боламыз. Жол-көлік ережесін бұзған автокөліктер мен қараусыз жүрген малдар сонда әкелінеді. Онда ұсталынған шығыны мен айыппұлының өзі малдың бәсінен асып кетеді. Сондықтан тұрғындардан сұрарымыз малды бақташы ұстап бағудың шарасы алынғаны жөн.

img_9489

Көгалдандырудың қазіргі талабы негізінде бір маусымдық емес, көп жылдық гүлдер отырғызылатын болады, абаттандыруға орай ескі ғимараттарды сүрілінеді. Өткен жылы ондай нысандардың иелері анықталып, күрделі жөндеу жүргізу немесе бұзып алу туралы ескертілді. Мойынсұнбағандарға айыппұлдар салына бастайды. Ал аудан әкімдігі өз тарапынан коммуналдық меншіктегі ескі білім бөлімі сияқты ғимараттарды бұзатын болады. Көп пәтерлі үйлерге өткен жылы ортақ кәріз құдығы салынды, тұрғындар оған қосылулары керек болатын. Алайда әлі асығатын емес, тағы да жарты жыл мерзім беріледі содан соң шара қолданылады. Жол қауіпсіздігі бойынша екі базар әкімшілігіне рахмет біздің ұсынысымызды ескеріп, өз қаражаттары есебінен ішкі аулаларын асфальттады, бір есіктен кіріп, екіншісінен шығатындай етіп қойды. Артындағы бөгетті автокөлік жолы ретінде пайдалануға техникалық құжаттары дайындалды, биыл іске асырылатын болады. Сондай-ақ, «Қазпошта» кеңсесінің жанынан Бұзауслан бағытынан келе жатқан көлік тіке өтетін бір бағытты жол салынып, көше қозғалысы реттелетін болады. Тағы бір мәселе, жаға бойларын ошаған қаптап барады, оны да шаруа қожалықтарының көмегі арқылы жанар-жағармайын қарастырып оңтайлы шешкелі отырмыз, - деген аудан басшысы орталық стадионды жаңғырту, жағажайларды жасақтау, Кресті, Құрылысшылар мөлтекауданының қалып қойған кейбір көшелеріне асфальт төсеу жоспарда барын айтты.

Округ әкімінің міндетін атқарушы М.Әжігереев тұрғындар көтерген мәселерге орай түсініктер беріп, жиынның хаттамасына енгізіліп, шешілуі бағытында жұмыстанатын жеткізді.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521