АМЕРИКАЛЫҚТАРҒА БАУЫРСАҚ ҰНАП ҚАЛҒАН

(0 Votes)

Жалпы, қазақтың дастарханы бауырсақсыз болмайды ғой.

Ертеректе оны ыдысқа салмай дастархан үстіне шашып тастайтын. Қазір де ол тойларда, жақсылықтарда, қаделерде міндетті түрде тұрады. Қарның ашып келгенде жаңа піскен жұп-жұмсақ бірнеше бауырсақты жесең бірден тоқшылық орнайды. Бала кезімізде аналарымыз қазанға буын бұрқыратып бауырсақ пісіріп, табаққа шошайта салып қоятын. Соны жоқ ететін едік-ау. Әрине, бәрін өзің жемейсің, ойнауға шыққанда алып кетіп достарыңа үлестіресің. Олар тағы сұрайды. Қайтып келіп анаңның көзін ала бере тағы да әкетесің. Бауырсақ жемей өскен қазақ сирек шығар. Дәмі қандай дейсің шіркіннің! Төрде отырған үлкендер оны қаймаққа батырып жеп, шәй ішетін. Осындай ұлттық тағамдарымызбен мақтануымыз, оны кеңірек насихаттауымыз керек.

Енді американдықтар ұлттық тағамымызға неге қызығып отырғанына тоқталайық. Ыссы майға салып пісірген бауырсақта оттегіге толы бөлшектер пайда болады екен. Сол себепті оны жегенде ішектің жасушаларына жақсы әсер етіп, жұмыс жасауын жеңілдетеді. Жасушаларды қажетті мөлшердегі оттегімен қамтып, тозудан сақтап адам өмірін ұзартады. Америкалық ғалымдар зерттеу жүргізгеннен кейін бірауыздан бауырсақ денсаулықты жақсартатын тағамдар қатарына жатады деген қорытындыға келген. Ол адамның ішкі ағзаларының жұмысын қалпына келтіретін қасиетке ие. Бірақ, ұлттық тағамымыздың бұл қасиетін анықтауға тағы да шетелдіктер мұрындық болған. Зерттеу кездейсоқ жасалған. Астана қаласына іссапармен келген ресейлік фитнес-тренер Ризвана Каповаға томпиған сары бауырсақтар қатты ұнаған. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына ұшқанда қазақтың ұлттық тағамын өзімен бірге әкетеді. Барған соң ғылыми-зерттеу орталықтарына апарып қандай пайдасы барын білуге қызығушылық танытады.

Ресейге көшіп барған Алена есімді келіншек те «Поваренок ру» деген сайтқа: «Осында жазылған дайындау тәсілдерін қолданып, кеше өмірімде бірінші рет бауырсық пісіріп көрдім. Жақсы шықты. Күйеуім мен балаларым оны алғаш рет жесе де оларға қатты ұнады. Сіздердің арқаларыңызда өзім туып-өскен сүйікті Қазақстанымды, ондағы қонақжай қазақ халқын сағынышпен еске алдым», деп жазыпты. Демек ол басқа ұлттарға да ұнайды. Енді немістердің қымызды патенттеп алғаны секілді, біздің осы тағамымызды американдықтар өзіміздікі деп иеленіп кетіп жүрмесін.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521