Алыстағы Асанда

(0 Votes)

Асан ауылындағы Жеңіс тойы округ әкімінің міндетін атқарушы М.Мурзагалиевтың майдангердің жесірі, тыл еңбеккері, ауданның Құрметті азаматы У.Мұхтарованың үйіне барып, құттықтау хаты мен сыйлығын табыстаумен басталды.

«Ер есімі - ел есінде» атты ескерткіш тақта алдында барша ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухына құран бағышталып, Ауған соғысының ардагері Т.Ғұмаров мәңгілік алау жағып, тұрғындармен бірге гүл шоқтарын қойды.

«Бәйге төбеде» ауыл әкімі Асан ауылының тұрғындарын мерекемен құттықтап, тыл еңбеккерлерін марапаттады. Асан және Үштаған ауылдық клубтарының ұйымдастыруымен «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!» атты мерекелік концертте ауыл жастары мен мектеп оқушылары соғыс жылдарындағы әндерін шырқады.

Ат бәйгесінде І орынға тігілген 75 мың теңгені Т.Алиповтың «Құла аты» ( шабандозы Н.Мұстафин) иеленді. ІІ орынды А.Абдуллиннің «Күрең аты» (шабандозы Ә.Талғат) 50 мың теңгені олжаласа, ІІІ орынды М.Нұрбаевтың «Торы аты» (шабандозы Н.Өтемісов) 30 мың теңгені қанжығасына байлады. 24 келілік кір тасын көтеруден І орынды Б.Жаутенов, ІІ орынды Е.Сағат, ІІІ орынды Ж.Абдошев иеленсе, қазақ күресінен І орынды Б.Абдекешов, ІІ орынды А.Бақытов, ІІІ орынды Ж.Сиражев жеңіп алды.

А.НҰРЛАНОВ,

Асан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521