banerkzbig

Алтынсарин, Салықбаев көшелеріне жол төселсе екен

(0 Votes)

Ауыл тұрғындары алдында 2018 жылы әр сала бойынша атқарылған жұмыстан есеп берген Байда ауылдық округінің әкімі Бекес Сәрсенғалиев өз баяндамасында міндетті межелерді қамтыды.

Жарыссөзде Крупская атындағы жалпы орта мектептің директоры Шынар Исатаева елді мекенде жүзеге асқан игі жетістіктерге қуанатынын айтып, ұстаздар мен оқушылар мәдени шараларды өткізуде орын таба алмай қиналатынын жеткізіп, білім ошағына қосымша акт залын салуды сұрады. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Якуб Исмағұлов: - Таза ауыз су мәселесін көтеруден жалығып, оның игілігін көруден біржола күдерімізді үздік. Енді бізге ең болмаса жазғы ауыз су құбыры тартылса деген өтінішіміз бар. Котяев – еліміздің батыс қақпасы. Осы ауылға қарап, елімізге баға береді. Сондықтан, округ орталығы таза, келбетті, сәулетті болғаны абзал. Ауылға 4 шақырымдық ішкі жол салынғанымен, Салықбаев, Алтынсарин көшелеріне төселмей қалды. Бұл мәселе өз шешімін табады деген үміттеміз. Бүгінде Котяев ауылының ішіне тұрғын үй салу тарлық етуде. Елді мекеннің арқа бетінде бос жатқан жерлер көп. Оған инфрақұрылым жүргізілсе жас отбасылар ата-аналарынан енші алып, бөлек шаңырақ болар еді, - деп округ әкімінің жұмысына оң баға берді. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрлыбек Төлепов, аудандық құрылыс және сәулет, қалақұрылысы бөлімі басшысының орынбасары Эдуард Азатов жазғы су құбырын тартудың жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталғанынан, қаржысы қаңтар айында сұратылғанынан хабардар етіп, қазіргі таңда инфрақұрылымы жүргізілмеген бос жатқан жер тұрғындарға берілмейтінін қаперледі. Зейнеткер Болат Түсіпқалиев ҰОС ардагері, туған жерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін тигізген Т.Салықбаевтың есіміне берілген көшенің жері балшық болғандықтан міндетті түрде жол салыну қажеттігін ескертіп, округ балансына берілген тракторды жұмысқа қостыруды сұрады. Ауыл тұрғыны Гүлшаһар Истуллина соңғы уақытта ІІ топ мүгедегі азаматын ауруханада кезекті емін алуда ешқандай кедергілер болмағанына қуанатынын айтып, аудандық, облыстық аурухана дәрігерлерінің сапалы қызметіне ризашылығын білдірді. Сонымен бірге, ауылға механик, электрик мамандары қажет екеніне тоқталды. Жеке кәсіпкер Сәуле Қайырова бос тұрған бұрынғы дәрігерлік амбулаторияның ғимаратын жекешелендіруге біраз жұмыстанғанын, бірақ іс-құжаттарының толық рәсімделмеуіне байланысты сатып алуға мүмкіндігі болмай отырғанын алға тартты. Ауыл тұрғындары Ғаділжан Бисақов, Бақыт Қалиев салынып жатқан бөгеттердің үстін тегістеу, мектептің жанына жарық шамдарын орнату, Котяевтен облыс орталығына ұшақ ұшыру сияқты бірқатар түтйкілдерді қозғады. Көтерілген мәселелерге орай түрлі сала басшылары нақты жауаптарын қайтарды.

Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров өткен жыл жетістікеріне тоқталып, алда атқарылатын бірегей міндеттерді саралады. Округ әкімі Бекес Сәрсенғалиевтің жұмысы лайықты бағаланды.

А.Шакупова.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig