Алпысына алғыс арқалап жетті

(0 Votes)

Сафон ауылдық мәдениет үйінде 60 жасына толып отырған «Каспий таңы» өндірістік кооперативінің төрағасы, Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы, «Еңбек Даңқы» медалінің және басқа марапаттардың иегері, балық шаруашылығы саласының майталман білгірі Бақытжан Қарамалайұлы Теміровке арналған «Өнегесі мол өрелі жан» аталатын айта қаларлықтай мәдени шара өтті.

Мұны ұжымдастары, ауылдастарының өтінішімен қолға алған округ әкімі Роза Шамарқызы, мәдениет үйінің директоры Нұрлан Өтегенов екендігін алдын ала разылықпен айтқан жөн. Ауданға белгілі өнерпаз Жанболат Кенжеғалиевтің жүргізу шеберлігі де жұртшылықты тәнті қылды.

Ақ айдынның сырласы айтулы еңбеккер Бақытжан Теміров жұбайы Мінауара Сайфоллақызы екеуі үлкен қошеметпен сахна төріне шақырылғаннан кейін осынау көптен күткен дүбірлі шара басталып та кетті. Мерейгердің өмір жолынан үзік-үзік сырлар шертілді. Шараның өн бойына ерлі-жұбайдың осы абзал қасиеттері, ел-жұртқа деген ағеділ пейілі желідей тартылды. Сафон ауылдық округінің әкімі Роза Шамарқызы шараны келістіре ашып, ауылдастар атынан алғыс хат тапсырды. Жарыссөзге таласқандар да толас болмады. Атыраудан жиендер көшін бастап келген қарындасымыз, екі ағасы Тілекқабыл, Қамидолла, апасы Лиза, құдалары Файзолла, Асан, С абыр, Терекбай, осындағы орта мектеп директоры Сабыржан Жұпарғалиев, әріптестері атынан Бәтима, аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов, тағысын тағы ауыл, ауданның белгілі адамдары ақ тілеудің арнасын сапырғандай әсерге бөледі.

Т.Дәрелұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521