banerkzbig

Аламан бәйге өтті

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған 24 шақырымдық аламан бәйгеде 19 сәйгүлік жарыс жолына шықты.

Шабыс тілеген тұлпарларды тықыршытып күттіріп қою да — қиянат, жарыс төрешілері жалауды жалп еткізіп, белгі беруімен аламанға түскен он тоғыз жүйрік заулай жөнелісті. Талайдан мұншалықты қылаң тұяқтың қытығын сезінбей дүбір аңсаған дала да, ат бауырына жабысып жарыса дөңгеленіп барады.

Алғашқы айналымнан бастап топ басындағылардың қатарында болған шабандоз Дамир Хисамеденовтің тақымындағы Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылдық округінен келген «Ақмаңдай» атты жирен қасқасы (иесі Талғат Мұхиденов) соңғы айналымда сытылып шығып, мәреге бірінші жетті. Екінші болып Ақкөл ауылдық округі Ерсайын Қасымов баптап қосқан «Брилиант» атты торықасқасы (шабандозы Еркебұлан Елтай), үшінші болып Жанахов Ануардың аты келді. Бәйге қорытындысымен бірінші орынның жүлдесін Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев, екінші орынның жүлдесін Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Өмірзақ Зинуллин, үшінші орынның жүлдесін аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров тапсырды.

.

 Айбек Нәжімов.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig