Алғадағы «Алтын асық»

(0 Votes)

Мақаш ауылдық округі бұрыннан да той-топыр өтетін орыннан кенде емес.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері осы округте кооператив жанынан ашылып, ауылдастардың түрлі бас қосу шараларында қажеттеріне жарап келді. Бірақ, уақыт өте келе бұл орынның жаңаға кезек беретін күні жеткендей. Қысқасы, 250 орындық жаңа тойхана салу – ауданға танымал асыл тұқымды мүйізді ірі қара өсіретін Есболат Құбашевтың еншісіне тиді. Дұрысы бұл жаңа орын кафе ретінде өмірге келді. Бірақ, Алға ауылы тұрғындары жақында ғана ашылған күннен бастап той-томалақтарға жиі пайдалана бастады. Аты да керемет үйлесімді – «Алтын асық». Бір жағынан асықтың құдіретін қазақтан басқа кім біледі деген ойға жетелейді. Есболаттың жүз-жүздеп өсірген сиыр малы бірталай қиындықтарды бастан өткергізгенімен міне, алтындай бағалы болуда. Сондықтан, шаруаның жолын біліп, жөнін тапқан азамат оның асығы да алтын демей, не десін!

«Алтын асықтың» ашылу рәсімі Алға ауылында дүркіреген тойға ұласты. Ауданнан билік өкілдері, әр аймақтан шаруа күйттеген Есболат Құбашевтың әріптестері келіп, көзайым қуанышқа ортақтасып, ақ бата-тілектерін арнады. «Еңбек етсең – емерсің» деген халық даналығы белгілі шаруа иесі Есболат Құбашев пен зайыбы Жанар Абдоловаға қаратып айтылғандай. Ұл-қыздарымды қалай өсіріп, ақ жолға саламын деп қиналып отырған олар жоқ. Күнделікті күйбең тірлігі көп болғанымен, әр бас аша тұяғының асығы да алтынға айналған шақ бүгін. Айнала маңға да тигізіп отырған көмегі ұшан-теңіз. «Елде болса, ерініңе тигені» сол емес пе?

Ендеше, Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында қорықпай шаруа құрып, шатқаяқтап барып ес жиған еңбекқор Есболат Құбашевқа ел-жұрт берген ақ бата қабыл болғай демекпіз.

Т.Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521