«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

(0 Votes)

Адами қасиеттердің қадірлісі - қайырымдылық жасау.  Қамқорлыққа зәру жандардың жанашыры болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу - әр адамның азаматтық парызы.

 

Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі директоры Анар Нуриқызының бастамасымен адамгершілік қасиеттердің ең биік шыңы қайырымдылық жасауды насихаттай отырып, мүмкіндігі шектеулі жерлесіміз Амангелді Бейбарыстың қыркүйек айында өтетін отасына қаражат жинау мақсатында «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты кеш өтті. Бұл кеште ауданымыздың белді өнерпаздары өз өнерлерімен жұртшылықтың көңілінен шыға білді. Шара барысында Бейбарыстың ата-ана, туған жер жайлы айтқан әндеріне көрермендердің көңілі бір сәтке босап, көздеріне жас алды.

 

Бейбарыстың еміне қаржылай көмек («Қайырымдылық» жәшігі әлі жұмыс жасап тұр) көрсеткен жеке кәсіпкерлер С.Баязитовке, Е.Халеновке, Т.Шарипов бастаған «Серпер-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымына, Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратына, аудандық мұражай қызметкерлеріне, мұражай қызметкерлеріне, Абай жән Ломоносов атындағы жалпы орта мектептеріне шын жүректен шексіз алғысымызды білдіреміз. Жиналған барлық қаражат Бейбарыстың анасы Тілекші ханымға толықтай табысталды. Осы қайырымдылық кеші - асыл арманына қол созған Бейбарысқа  сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайтынымызды білдіре отырып, бала сенімінің нық болуына жасалған алғашқы қадам  деп есептейміз.

 

  

 Гүлбақыт Ермұратова,

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521