Адал, әділ, сыпайы болуға міндетті

(0 Votes)

Мемлекеттік қызмет - бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметтік өкілеттіктерді орындауы. Сол арқылы оның беделі міндеттік және мәртебелік маңызға ие.

Әр мемлекеттік қызметкердің басты міндеті - сапалы жұмыс жасау, өз білімі мен біліктілігін жұмыста пайдалана отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Әлемдегі барлық мемлекеттердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлес салмағы ерекше. Республикамыз Тәуелсіздік алған жылдар аралығында Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен мемлекетті қалыптастыру бағытында ауқымды істер атқарылды. Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттілікті одан әрі нығайту халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұрғанын атап өтті. Мемлекеттiк қызметшiлер - Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын қолдауға, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайтуға, Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа алуға, қоғам мен мемлекеттiң игiлiгiне қызмет етуге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, өтiнiштер бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға, адал, әдiл, қарапайым да сыпайы болуға, Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге құрметпен қарауға міндетті.

Мемлекеттік қызметкер болу - зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Бүкіл әлемде мемлекеттік секторға ұдайы көңіл аударылады, ол қоғам өмірінің назарында. Бірақ, шешуші тұлғалардың бірі мемлекеттік қызметші - қоғам алдында кәсібилігі төмен, сөзбұйдашыл, сыбайлас жемқор сияқты жағымсыз келбетте көрінетін болса, басқару құрылымын нығайту, жетілдіру, мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар табысты болмайды. Елбасымыз Н.Назарбаев: «Мемлекеттік қызметші - жоғары моральды жауапкершілік, кәсіби білімін тәжірибеде қолдана алу, адалдық, таза ниеттілік, белсенді өмірлік ұстаным сияқты негізгі қасиеттерге ие болуы шарт. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезіне отырып өз елінің патриоты болуы тиіс” - деп атап өткендей біз әрқайсысымыз осы аталған берік қағиданы ұстанып, еліміздің өркендеуі жолында аянбай қызмет жасауымыз керек.

Н.САБИРОВА, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521