banerkzbig

Ақжарма тілек ақтарылған күн

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы және мемлекеттік қызмет саласының ардагері Сағынжан Рахымұлының 70 жасқа толуына орай «Ұлағат ұрпағына ғұмыр жолы» атты кездесу кеші өтті. Шара мерейгердің фото-шежірелі өмір деректерінің таныстырылымымен басталып, көпшіліктің ерекше ілтипатымен сахна төріне Сағынжан Рахымұлы зайыбы Бақыт Қабиболлақызымен шақырылды.

Алғашқы құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров ардагер ағамен жұмыстас болған жылдардағы жолбасшылық, тәлімгерлік роліне, адамгершілік қасиетіне тоқталды: - Сағынжан ағамыздан үйренгеніміз көп. Сөздің емес, істің адамы екенін өзінің өмірлік ұстанымымен дәлелдеп келеді. Алда-жалда тапсырылған жұмысты орындай алмасақ, басқа біреулердей ұрысып, зекіп жатпайды. Аузынан шыққан бір-екі сөзінің өзі жеткілікті. Айтқан сөздерінің біріншісі жүрегіңе тиеді, екіншісі сүйегіңнен өтеді. Содан кейін өзің-ақ ағаттығыңды қайталамауға тырысасың, - деген ол мерейгерге аудан әкімінің құттықтау хатын табыстап, иығына шапанын жапты. Зайыбы Бақыт апайға да құрметін көрсетті.

Келесі кезектерде ел ағалары Өмірзақ Қажымғалиев, Орынғали Құмарғалиев, Қадірбай Жармұханбетов, Зинетулла Ақпанов, Ұзақбай Жәдіғұлов, Атыраудан келген замандастары Айтқали Нұрғалиев, Рая Асқарқызы, Зұлпыхар Сүйінішов жүрекжарды лебіздерін риясыз ақтарды.

Студенттік шақтарын бірге өткізген Тілекқабыл Шамұратов, Ибатолла Қабдығалиев, Құрманғали Өтеғалиев, Жәңгірхан Өрісбаев, Марат Жұмабаев дос көңілдер суымайтынын, сөнбейтінін жеткізіп арысы Алматы мен Ақтаудан, берісі Орал мен Атыраудан келгендіктерін айтып, көп біле бермейтін мерейгер достарының сырлары мен қырлары жайлы әңгіме қозғады.

А.Нәжімов.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig