banerkzbig

Ақын ауылы алыстан көрінеді

(0 Votes)

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана күнінің 20 жылдық торқалы тойына орай Еңбекші орта мектебін 1998 жылы бітірген түлектер туған ауылдарына тамаша тарту жасады.

Мектеп бітіргендеріне жиырма жыл толғанына арналған басқосуларында ауылдың кіре берісіне «Жұмекен ауылы» деген жазуы бар биік көк тұғыр орнатты. Енді мұнда қатынаған көліктер қақпа іспетті осы нысанның арасымен өтетін болады. Тұғыр ортасына керілген лентаны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова мен ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ғаділхан Қалиев қиды. Шараны ауданымызға танымал өнерпаздардың бірі Болат Бидоллаев жүргізді.

Еңбекші ауылдық округінің әкімі Қанат Ғаббасов құттықтау сөзінде: - Біз Жұмекен ауылының тұрғындары Жұмекенмен мақтанамыз. 1998 жылы Еңбекші орта мектебін бітірген Бақытгүл Бабаш бүгін арамызға келіп отыр. Бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері, біздің мақтанышымыз. Біз Жұмекенмен де, Бақытгүлмен де мақтана аламыз. Бақытгүлді екінші Фариза атанатын оның ізбасар шәкірті деп сенеміз. Бұл үлкен бастама, елдің есінде қалатын жағдай. Сондықтан мынандай үлкен қақпа салған Еңбекші орта мектебінің 1998 жылғы түлектеріне елдің азаматтары мен тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін. Жұмекен саябағында олардың көбі болды. Енді мына Жұмекен қақпасы да елдің атын шығарады деп есептеймін, - деді. Келесі кезекте аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова ауыл тұрғындарын аудан әкімінің атынан құттықтаса, Еңбекші ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғаділхан Қалиев 1998 жылы бітірген түлектерге ардагерлердің ризашылығын айтты.

Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің атынан халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран При иегері, республикалық Фариза Оңғарсынова, Хамит Ерғалиев, Жұмекен Нәжімеденов атындағы ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері, «Сағыныш қалды көзімде», «Бақыттың гүлі» атты жыр жинақтарының авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Бақытгүл Бабаш сөйледі. Жерлесіміз ауылдастарына деген жүрекжарды лебізін Р.Отарбаевтың «Балалық шағың, жастық шағың өткен жерде жүрегіңнің жартысы қалады» деген сөзімен бастап, Жұмекеннің өлеңін оқыды. Мұқағали өскен жерде жаңадан тілі шыққан сәби ақынның екі жол өлеңін білетінін, Жарсуатта жасынан кәрісіне дейін Махамбеттің жырларын айтатынын тілге тиек етіп, осы ауылдың балалары Жұмекеннің өлеңдерін жатқа айтып өссе деген тілегін жеткізді. Шара одан әрі арқан тарту, кір тасын көтеру сияқты қызықты өткен спорттық ойындарға жалғасып, көрерменіне көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концертпен аяқталды.

Қанат ҒҰМАРОВ.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig