Ақпараттық жүйедегі өзгерістер түсіндірілді

(0 Votes)

Бүгінгі таңда мемлекетіміздің бет-бейнесі саналатын мемлекеттік қызметшілерге қойылып отырған талаптар жеткілікті. Соның ішінде ең бастысы ақпараттық жүйелермен дұрыс жұмыс жасай білу. Осыған орай Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіндегі жаңартылған функцияларды түсіндіру бағытында аудандық семинар өтті. Семинарға 19 округтің мамандары қатысты.

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас маманы Асылбек Әнесов жүйедегі өзгерістер, оған дипломдарды, біліктілік курстарында алған сертификаттарды, мемлекеттік марапаттарды, басқа да құжаттарды орналастыру, жіберу, еңбекке жарамсыздық қағазы мен кезекті еңбек демалысын алу және тағы басқалары жөнінде кеңінен түсіндіріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

Толығырақ «Серпер» газетінің алдағы нөмірлерінен оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521