Ақкөл газеттен басқаға сенбейді

(0 Votes)

Газет адамзатпен бірге жасасып келе жатқан ақпарат құралы. Оның қалың бұқара үшін қашанда орны бөлек.

Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі», демеп пе еді? Халық негізгі ақпаратты содан алады. «Не шықты екен? Қандай жаңалықтар болып жатыр?» деп беттерін парақтайды.

Ауданымызда орын алған жағымды жаңалықтар болса қуанып, шешімін күткен мәселелерді газетке жолдап жатады. Бүгінде көп нәрседен әлеуметтік желі хабардар етіп отырса да, елдің бәрі бірдей оған кіре бермейді. Әсіресе, үлкен аға-апаларымыз. Сонымен қатар, газет арқылы кімнің мерейлі жасқа толғанын біліп, уақытында құттықтап, өмірден өткендердің қадесіне бара алмай ұятты болсақ, келесісі қашан екенінен хабардар болып отырамыз. Әлеуметтік желіде ол жайлы ешкім жазбайды. Тіпті газетке «Сол үшін ғана жазыламыз. Басқа жаңалықтың бәрін ғаламтордан оқимыз ғой», дейтіндер де бар. Жақында екінші жартыжылдықтың орындалысы туралы ақпаратты аудандық газет бетінен көріп қуанып жатырмыз. Біздің ауылдық округ «Серпер» газетіне жазылуда болжамды 102 пайызға орындаппыз. Басқа басылымдардан да жүз пайыздың үстіне шыққанымызды естіп отырмыз. Мұнда округ әкімі Бисембай Рамазановтың еңбегі зор. Үлкен округте мерзімдік баспасөзге жазылуда межеден шығу оңай емес. Округ әкімі әрдайым халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, олардың қуанышы мен қайғысына ортақтасып, шешімін күткен мәселелерін жиі көтеріп жүргендіктен ел де ол кісіні сыйлайды. Газетке жазылу науқаны бір жағынан ұйымдастыра білуді, көп күш жұмсауды, ерекше іскерлік қабілетті талап етеді. Әкіміміз түрлі түсінік жұмыстарын жүргізіп, мекемелердің, мектептердің басшыларына аяқтай барып та, шақырып алып та айтып еске салып отырғанының нәтижесінде көш соңында қалмай келеміз. Халық мерзімді басылымға жазылмайын демейді ғой, түрлі себептермен кешеуілдеп қалады. Сондықтан, мұны үнемі қадағалауда ұстайтын Бисембай Кәрімұлы алдағы күндерде де бұл істе межеден шыға береріне сенімдіміз. Ақкөл газет оқитын ауыл болғаны үшін туған жердің перзенті ретінде қуаныштымын.

Елеусін ИБРАГИМОВ,

Ақкөл ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521