80 орындық Уәлиханов мектебі оқушылар мен ұстаздарға есігін айқара ашты

(0 Votes)

Шортанбай ауылдық округіне қарасты Жасталап ауылында заманауи оқу құралдармен жабдықталған Ш.Уәлиханов атындағы негізгі орта мектебінің жаңа ғимаратын пайдалануға беруге арналған салтанатты шара өтті.

Оны мектеп директоры Зирагүл Қанатова ашып, қонақтарды таныстырып, білім сапасынан, ұстаздар құрамынан хабардар етіп: - 1957 жылы салынған Уәлиханов атындағы мектеп 2011 жылы апатты деп танылды. Содан2014 жылдан бері тасымалмен көрші ауылда орналасқан Шортанбай жалпы орта мектебінде оқып келдік. Осы уақыт ішінде жол азабы, табиғат құбылыстарының сыйын бірліктің арқасында жеңдік деуге болады. «Каспий Құбыр Консорциумы» Акционерлік қоғамының демеушілігімен салынған жаңа мектепті еліміздің білім саласына көрсеткен үлкен қамқорлығының жемісі ретінде қабылдаймыз, - деген мектеп басшысы аталмыш компанияның бас директоры Николай Горбаньға, бас директордың ҚР Үкіметімен байланыс бойынша орынбасары Қайыргелді Қабылдинге, құрылыс жұмыстарымен айналысқан "Мұнай Автоматика Сервис ЛТД" ЖШС директоры Нұргүл Сатылғановаға, облыстық мәслихат депутаты Оразғали Қарашегеновке, облыстық сәулет құрылыс департаменті басшысының орынбасары Нұржан Мырзаболатовқа, 5 жыл бойы қанатының астына алып қамқорлаған Шортанбай жалпы орта мектебінің директоры Гүлнәр Юсуповағариясыз алғысын жеткізіп, естелік сыйлықтарын тапсырды.

img_4715

img_4722

img_4732

Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев шалғайдағы елді мекенге оң көзқарасын танытып, оның әлеуметтік сұранысын қанағаттандырып, заман талабына сай сән-салтанаты келіскен білім ошағын салып берген «КҚК» компаниясының басшыларына аудан әкімі, ауыл тұрғындары атынан зор ризашылығын білдіріп, олардың бұған дейін өңірге жасаған игілікті істерін санамалап берді. Мемлекет басшысының жаңа Жолдауындағы мұғалім мәртебесі, оқу форматы жөнінде айтып өтіп, ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылында тың табыстар тіледі. Келесі кезекте сөз алған «КҚК» компаниясының бас директоры Николай Горбань: - КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Қазіргі таңда халықаралық Консорциум мүгедектерге, ардагерлерге, жетім балаларға тұрақты көмек көрсетеді. 2017 жылдың қазан айынан бастап 80 орындық мектептің құрылысына біз шамамен 407 млн. теңге бөлдік. Нысанның жалпы ауданы 2312 м2 құрады. Он жылға жуық уақыт ішінде компания Қазақстан аумағындағы қайырымдылық жобаларына, соның ішінде Атырау облысындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын қайта салуға 9 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлді. Бүгін жаңа мектептің табалдырығынан аттағалы тұрған шәкірттер, сіздер жақсы білім алып ата-аналарыңызды қуанта беріңіздер, - деп, мектептің символикалық кілтін оның директоры Зирагүл Қанатоваға ұсынды.

img_4736

img_4743

img_4747

Жаңа ғимараттың алдына керілген лентаны компания директоры Николай Горбань, директордың ҚР Үкіметімен байланыс бойынша орынбасары Қайыргелді Қабылдин және ардагер ұстаз Қарлыға Сағипова қиып, мектеп ішін аралап көрді.

img_4758

img_4761

img_4768

Айта кетейік, жаңа оқу жылында білім ұясының табалдырығынан 84 бала, оның ішінде 1 сыныпты 8 оқушы аттап, оларға 21 педагог дәріс бергелі отыр. Мектеп 20 сынып бөлмесімен, робототехника, лингофон, қыздар, ұлдар шеберханалары, асхана, кітапхана, архив, спорт, акт залдарымен қамтылған.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521