350 түлек ҰБТ-да бақтарын сынауда

(0 Votes)

Түлектердің 11 жылдық сынағын білімін саралайтын ҰБТ сынағы да келіп жетті.

Таңертеңнен Абай атындағы жалпы орта мектептің алды оқушылар мен ата-аналарға толы. Қобалжып тұрған әрбір түлек өзіне сенім артқан отбасының үмітін ақтап, ұстазының мерейін тасытқысы келеді.

i

Аудан бойынша биыл 550 оқушы мектеп бітірсе, оның 350-і ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. Тестілеу өтетін аталмыш білім ошағының пункті 12 аудиториямен қамтылған. ҰБТ-ны өткізуге мемлекеттік комиссия құрылып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінің қатысуымен өтуде. Тестілеу сынағын өткізу кезінде ұялы байланыс сигналдарын шектейтін құрылғы орнатылып, бейнебақылау камералары жұмыс жасайды.

i

Тестілеу 3 сағат 50 минутқа созылады. Бітіруші түлектерге жоғары балл жинауларына тілектестігімізді білдіріп, ақ жол, сәт сапар тілейміз!

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521