banerkzbig

2020 жылы кімдер үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем көбейеді

(0 Votes)

2020 жылы 200 мың қазақстандық үшін әлеуметтік төлем артады. Жәрдемақысы 30% көбейетіндердің қатарында еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан және жұмысынан айырылған азаматтар бар.

Әлеуметтік төлемдер мөлшерін үштен бірге арттыру міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң жобасында қарастырылған. Заң жобасының негізгі мақсаты – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі еңбек өтілі мен төлем мөлшері арасындағы байланысты нығайту.

Қазақстан мүгедектері қандай үстеме алады?

Еңбек министрлігі мүгедектерді әлеуметтік қорғау деңгейін көтеру үшін еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін медициналық-әлеуметтік сараптамада нақты белгіленген еңбекке жарамсыздық дәрежесіне сүйене отырып анықтауды ұсынып отыр.

Мысалы, жеті жылдық қатысу өтілі және 100 мың теңге орташа айлық табысы бар, жалпы еңбекке жарамсыздық дәрежесі 65% деңгейінде белгіленген жүйеге қатысушы үшін жаңа параметрлер ескеріле отырып, төлем мөлшері 31 мың 080 теңге болады, ал қазіргі параметрлер бойынша – 22 мың 988 теңге ( 35% өсім).

Асыраушысынан айырылған қазақстандықтар үшін үстеме?

Асыраушысыз қалған отбасыларды әлеуметтік қорғауды арттыру үшін асырауындағы адам саны коэффициентін өзгерту арқылы әлеуметтік төлемдер мөлшерін арттыру ұсынылып отыр. Сонымен, асырауында бір адам болғанда 40% -тен 50% -ке дейін; екеу болса –50% -тен 65% -ке дейін; үшеу болса – 60% -тен 80% -ке дейін және төрт немесе одан да көп болса – 80% -тен 100%-ке арттыру көзделген.

Тұтастай алғанда, заң жобасына ұсынылған өзгертулер әлеуметтік тәуекелдердің үш түрі – еңбекке жарамсыздық, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айырылу бойынша, яғни 200 мың алушы үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орта есеппен 30% -ға арттырады. Сонымен бірге, бұл әлеуметтік төлемдер мөлшері мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығы арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Sputnik

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig