banerkzbig

2020 жылы бірнеше қызметкерге қосымша ақы төленеді

(0 Votes)

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлерге психоэмоционалдық және физикалық жүктеме үшін қосымша ақы төлеу ұсынылып отыр.

Стационарлық және жартылай стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (паллиативті көмек бөлімшелерін қоспағанда) қосымша ақы:

-басқарушы персоналға – лауазымдық еңбекақының 30%-і

-негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) – 35%;

-әлеуметтік қызметкерлерге – 40%;

-санитарларға – 40%.

Стационарлық және жартылай стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің паллиативті көмек бөлімшелерінде:

-тәрбиешілерге, барлық мамандықтағы медбикелерге, санитарларға – 60%.

Уақытша болу, үйде қызмет көрсету ұйымдарындағы қызметкерлерге:

-басқарушы персонал –15%;

-негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) –20%;

-әлеуметтік қызметкерлерге – 35%;

-санитарларға – 20%.

Жоба «Ашық НҚА» порталында 28 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. Негіздемесінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде білікті кадрлардың жетіспейтіні жазылған. Бұл жұмыс қарқындылығына сәйкес келмейтін төмен жалақымен байланысты болып отыр.

Әлеуметтік қызметкерлерге төленетін қосымша ақы үшін үш жылға 25,1 миллиард теңге немесе жыл сайын 8,37 миллиард теңге қарастырылған («2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы).

Дереккөз: Sputniknews.kz

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig